{metadescription}
Ақтөбе облысы: Екі жыл жылу мен су берілмеген ықшамаудан тұрғындары қорқып отыр 
Ақтөбе облысы: Екі жыл жылу мен су берілмеген ықшамаудан тұрғындары қорқып отыр 

Ақтөбе облысы: Екі жыл жылу мен су берілмеген ықшамаудан тұрғындары қорқып отыр 

Ақтөбе облысындағы аудандардың біріндегі тұрғындардың қыста қаңғырып кетеміз деген үрей бар. Хромтаудың шетіндегі бүтін бір ықшамауданға екі жылдан бері жылу мен су берілмеген. Құбыр тартылғанымен, тендер ұтып алған мердігер компания ақауларын жөндемепті. Ал әкімдіктегілер олармен соттасудан қол тимей жатыр дегенді айтады. Хромтаулық тұрғындардың базынасын КТК тілшісі тыңдап қайтты.  

Хромтау қаласының шетіндегі 22-ші квартал деп аталатын ықшамауданда алты жүзден аса шаңырақ бар. Жаңа құрылыстан жарқыратып үй салғанымен, мәселелері шаш етектен. Жарық пен жылуға жарымай, суды тасып ішеді. Коммуникацияға қажетті құбырлар әлдеқашан тартылғанымен, ол әлі қаңырап бос тұр.

Күн күрт суығалы мұндағы тұрғындардың да берекесі кеткен. От жағуға үйлерінде пеш те, отын да жоқ. Өйткені газ келеді деген соң пешті керек қылмаған. Шенеуніктердің күз болмай көгілдір отын беріледі деген уәдесіне сеніпті.

Алтынбике Жәпішова, Хромтау қаласының тұрғыны:

- Отырмыз сол қалтырап, дірілдеп. Ана немерем, шалым ауырып жатыр. Қалай жылытып не қыламыз? Әрі қарай қалай шыдаймыз? Алдымыз көктем емес. Қыс алдымыз деген. Қазір енді не істейміз?

Тоңғаннан бөлек, мұндағы тұрғындар шөлдеп отыр. Себебі, уды көрші ауданнан тасып ішеді. Ақшасы жеткендері ондаған метр тереңдіктен ауласынан құдық қазып алған. Ал оған әлі келмегендері ыдысын арқалап жүруге мәжбүр.

Айдана Құлымбаева, Хромтау қаласының тұрғыны:

- Су жоқ жерлерге көлік шығарып су тасысын. Бұрынғы заманда болды ғо», сағат үште, бесте шектеу қойсын. Сен бір бидон, сен екі бидон, ал деп. Ана өспеген жолдағы талдарды суарғанша, үкімет адамдарға су берсін, жамырап жатқан халыққа.

Ықшамаудандағы жалғыз мектептің жанынан жиналған жұртпен кездесуге Хромтаудың әкімі де келді. Ол газ бен судың берілмей отырғанына мердігерді кінәлайды. Тендер ұтқан компания құбырды тартқанымен, ақауларды жөндемей тастап кетіпті. Енді оларды сотқа беріп жатыр.

Сағындық Шабықбаев, Хромтау қаласының әкімі:

- Жасаған мердігерлердің жұмыс барысында ақаулары, ескертулері қазір орындалмай отыр. Ол келісім-шарт жасаған мердігер өз тарапынан орындамай отыр.

Шенеуніктер шулаған тұрғындарға уәдені үйіп-төгіп әлек. Көгілдір отынды бір аптаның ішінде, суды бір жарым айда кіргізіп береміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.