{metadescription}
Тергеу! Ислам Әбішев әлдебір компанияға тендер ұтып берген
Тергеу! Ислам Әбішев әлдебір компанияға тендер ұтып берген

Тергеу! Ислам Әбішев әлдебір компанияға тендер ұтып берген

Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевке қатысты іс сотқа келіп түсті. Алғашқы отырыс 30-шы қыркүйекке белгіленген.

Қамауда отырған 63 жастағы экс-шенеунік аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен биыл наурыз айында ұсталған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, Әбішев Солтүстік Қазақстандағы «Соколов» су құбырын жөндеп Қызылжар ауданына су тарту үшін әзірге аты аталмай тұрған әлдебір компанияға тендер ұтып берген. Аталмыш қызметі үшін құрылысқа бөлінген 6 миллиардқа жуық ақшаның бір пайызын, яғни, 60 миллион теңгені ауызбастырық ретінде алған көрінеді. Әрі параны тікелей өзі емес, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік Төкеев арқылы алдыртқан.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.