{metadescription}
Өзекті мәселені бейбіт жолмен шешуге бола ма
Өзекті мәселені бейбіт жолмен шешуге бола ма

Өзекті мәселені бейбіт жолмен шешуге бола ма

Қазақ жерінде жаһандық қауіп-қатерлер жайы талқыланды. Елордада Назарбаев орталығында Жастар жылына арналған «II халықаралық Орталық Азия БҰҰ-ның моделі» атты жастар конференциясы өтті. Оны «Ұлан-қайыр дала елі» қоғамдық бірлестігінің жұмысы аясында БҰҰ-ны моделінің үйлестіру орталығы өткізді.

Ал жиын Тұңғыш Президент қоры және Елбасы кітапханасының қолдауымен жүзеге асып отыр.

Олжас Тәукебай, делегат:

- Бүгінгі бізге берілген тақырып, жоғалу алдында тұрған тілдерді дамыту және ары қарай сақталып қалуы. Қазір мен ЮНЕСКО сайтына кіре отырып, осы конференцияға дайындалған кезімде әлем бойынша 3,5 мың тіл жоғалып кету алдында тұрғанын білдім. Оны ары қалай сақталып қалу жолы бар екенін мен бүгінгі конференцияда қорғайтын болам.

Әлем түрлі қауіп-қатерлер мен геосаяси қақтығыстарға алаңдаулы. Жастар да оған үн қосқысы келеді. Әсіресе жойылып кету қаупі бар тілдердің сақталуы, ғарыш кеңістігінде қару-жарақтың таралу өзектілігі, санкциялардың халықаралық саясатқа әсері, мектептерге жасалған шабуыл санының артуы өзекті мәселелер қатарынан түспей тұр. Осыны талқылауға Қазақстаннан бөлек Әзірбайжан, Қытай, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Пәкістан, Ауғанстан және Өзбекстаннан келген жастардың саны 250-ге жетті. Конференция қатысушылар аталмыш мәселелерді соғыссыз бейбіт жолмен шешудің жолдарын ұсынады.

Сұлтан Айтжанов, Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Бұл жоба жастарды әлемде болып жатқан жағдайларға қатысты шешім қабылдауға баулиды. Яғни, олар Қазақстан тұрғысынан ғана емес, осы жиынға қатысып жатқан Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, сонымен бірге көршілес елдер жастарының да пікірлерімен таныс болады.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.