{metadescription}
Қазақстан мен Оңтүстік Кореяны қандай мәселе байланыстырады
Қазақстан мен Оңтүстік Кореяны қандай мәселе байланыстырады

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяны қандай мәселе байланыстырады

Сеулде Корей түбегін ядролық қарусыздандыру бойынша екінші Қазақстан-Корей форумы өтті. Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған келіссөздер барысында тараптар мәселені талқылап, тығырықтан шығудың жолын іздеді.

Игорь Рогов, Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Қазақстан мен Оңтүстік Кореяны саяси және экономикалық қана емес, ядролық қауіпсіздік саласындағы жалпы мәселелер де байланыстырады. Сондықтан осы жойқын қарудан бас тартуға бірлесіп шақырып жатырмыз.

Форумда талқыланған негізгі мәселелердің бірі - Корей халықтық демократиялық республикасын денуклеаризациялау, яғни қарусыздандыру. Десе де, ол үшін державалар арасында бір-біріне деген сенім болуы керек. Ресми Пхеньян мен Вашингтонның келісімге келе алмауы да осы сенімнің жоқтығынан дейді сарапшылар. Өйткені Солтүстік Корея алдағы президент сайлауында Дональд Трамптың жеңіске жететініне күмәнмен қарайды дейді.

Жалпы Корей тарапы форумды жалғатыруға мүдделі. Сондықтан келіссөздердің аясын кеңейтуді ұсынып отыр.

Ли Гонг, «Кorea foundation» қорының директоры:

- Меніңше, келесі форумды қазақ жерінде, яғни Семей полигонының аумағында өткізген дұрыс. Әрі жиынға Қазақстан мен Корей тарапы ғана емес, Қытай, АҚШ пен Ресей секілді елдердің өкілдері де қатысуы керек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде