{metadescription}
Миллиондаған қарызы бар 100 адамның тізімі!
Миллиондаған қарызы бар 100 адамның тізімі!

Миллиондаған қарызы бар 100 адамның тізімі!

Елімізде салыққа берешегі ең көп 100 адамның тізімі жарияланды. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жеке тұлғалардың жалпы қарызы 286 миллион теңгеден асып кеткен.

Жалпы, берешектің 175 миллионы – негізгі қарыз. Қалған 110 миллионы өсімпұл. Ал ең көп қарызы бар азамат – Қарағанды облысының тұрғыны. Жылдар бойы жер салығын төлемеген Асқар Нәбиевтің берешегі өсімпұлмен қоса есептегенде 65 миллион теңгеден асып кеткен.

Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Талғатбек Ілиясов. Жалпы қарызы 19 миллион теңге.

Тізімдегі үшінші адам – Қарағанды облысының тұрғыны. Виталий Мартыненконың берешегі 8 миллион теңгеге жуық.

Айта кетерлігі, жыл соңына дейін елімізде салық рақымшылығы жүріп жатыр. Яғни, қарызы бар азаматтар негізгі берешегін 100 пайыз төлесе, өсімпұлы кешіріледі.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде