{metadescription}
Бозбала біреудің көлігімен 7 жасар баланы мерт қылды
Бозбала біреудің көлігімен 7 жасар баланы мерт қылды

Бозбала біреудің көлігімен 7 жасар баланы мерт қылды

Шымкентте танысының көлігін айдап кеткен бозбала жол апатына түсіп, 7 жасар балақай мерт болды. Тағы екеуі ауыр хәлде ауруханада жатыр. Полицейлер кінәлі ұсталып, тергеліп жатыр дегеннен артық ақпар таратпай отыр. Ал зардап шеккен балалардың отбасы кінәлі тараптан қысым көріп жатқанын айтады.

Үш бірдей отбасын қан қақсатқан жол апаты Шымкенттің қозғалысы аз, ең тыныш көшелерінің бірі – Әлімбетов көшесінде болды. Кешкі сағат жетілерде 4 балақай әдеттегідей көшеде ойнап отырған екен. Осы кезде жоғары жылдамдықпен келген Мицубиси Оутлэндер көлігі жол жиегінде ойнап жатқан достарды жаншып тоқтаған. Ұшып келген көліктен 6 жасар бала ғана қашып үлгерді.

Жол апаты мерт болған Әбдімәліктің атасының көзінше болған. Қарияның айтуынша, көлік тежегішін де баспапты. Жалғыз немересін жоқтаған ақсақалдың сөзінше, кешеден бері келіп жатқан кінәлі тарап кешірім сұрап, кейбірі тіпті дөрекілік танытып жатыр дейді. 1-сыныпқа барып жүрген немересін бүгін ғана жерлеген ақсақалдың камераға сөйлегісі келмеді.

Ал бүгін ғана жансақтау бөлімінен шыққан Әлібек Нәзірдің анасы ұлының аман қалғанына шүкір деп отыр. Ұлы мен достарын қаққан көліктің тізгінінде бозбала болды дегенді естіген ол, баласының ес жиғанын күтіп отыр.

Салтанат Сатанова, жәбірленушінің анасы:

- Ағасының машинасын алып кетті деп айтып жатыр жұрт. Білмеймін, мен көрген бала – жас бала, жас бала жүрді сол жерде, жасы 1516 шығар көп болса, ағасының ба, әкесінің бе, көлігін алған.   

Дәрігерлер ауыр жарақатпен түскен 10 және 11 жасар екі ұлдың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ екенін айтады. Олар толық емделіп шығуға шамамен үш апта керек деп жорамалдап отыр.

Әбдішүкір Егізбаев, Түркістан облыстық балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Миының шайқалуымен нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Екеуінің де жағдайы бірқалыпты, ауыр. Бірақ, емдерінің бәрін алып жатыр. Өміріне қауіп жоқ. Жағдайлары дұрысталады деп ойлаймыз.

Зардап шеккендердің барлығы бірдей көлік тізгінінде кәмелетке толмаған бозбала отырды дейді. Яғни, жүргізушінің арнайы рұқсаты болмағаны анық. Ал полиция департаментіндегілер мұны не растамайды, не жоққа шығармайды. Әзірге уақышта қамау абақтысына тоғытылған күдіктіге қатысты бір баппен іс қозғалғанын айтып отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.