{metadescription}
Бағдат Мәнізоров не үшін күдікке ілінді
Бағдат Мәнізоров не үшін күдікке ілінді

Бағдат Мәнізоров не үшін күдікке ілінді

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров ірі көлемдегі алаяқтық үшін айыпталып жатыр. Тергеу қапасында жатқан 57 жастағы экс-шенеуніктің ісі туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіндегілер айтып берді.

Олжас Бектенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:

- Оның іс әрекеттері ҚКнің 190-баптың 4-бөлімінің, 2-тармағымен айыпталып отыр. Қазір тергеуші прокуратура органдарына оған үй қамақ бұлтартпау шарасын қолдану туралы ұсыныс енгізді.

Мәнізоров алаяқтық үшін айыпталып жатыр делінгенімен, қылмыстық іске қатысты өзге мәлімет әзірге құпия ұсталып отыр. Алматы облысы әкімінің орынбары қызметін небәры үш айға жуық атқарған ол, өткен аптада қамауға алынған. Әзірге тергеу изоляторында жатқан шенеунік жақында үй қамаққа ауыстырылуы мүмкін.

Бағдат Мәнізоров бұған дейін Алматы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын екі жыл басқарды. Ол күдікке осы қызметіндегі заңсыздықтары үшін ілінген секілді. Мәнізоров әр жылдары «Шаған» сауда үйінің президенті, Алматы облысындағы Ақсу және Көксу аудандары мен Алматыдағы Алатау ауданынның әкімі қызметін атқарған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.