{metadescription}
Жол апаты: Жол ережесін сақтамай, жанындағы жан досын мерт қылды
Жол апаты: Жол ережесін сақтамай, жанындағы жан досын мерт қылды

Жол апаты: Жол ережесін сақтамай, жанындағы жан досын мерт қылды

Жан досының өліміне себепкер болды! Алматыда жол ережесіне бағынбаған «БМВ» жүргізушісі қамауға алынды. Басты жолға беталды шыққан жас жігіт екі бірдей көлікті соғып, қасында отырған жолаушысын мерт қылды. Одан бөлек 7 адам ауруханаға түсті. Біреуінің хәлі өте нашар.

Төлеген Ибекенов, Алматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Мойын омыртқалары соғылып, қабырғалары сынған. Емдеп жатырмыз, жағдайы ауыр.

Оқиға түн ортасында болды. Жылдамдықты асырған «БМВ» жүргізушісі бағдаршамға бағынбай басты жолға өтіп кетіп, алаңсыз өз жолымен келе жатқан екі көлікті соққан. «БМВ» жолаушысы сол жерде мерт болды.

Белгілі болғандай, қасында отырған адам жүргізушінің досы екен. Тағы жеті адам ауруханаға түсті. 30-дағы жігіттің өкпесі зақымданып хәл үстінде жатыр. Ал жан досының өліміне себепкер болған жігіт қамауға алынды. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде