{metadescription}
Орал: Қоқыс жәшігінен табылған өлі нәрестенің шешесі тергелуде
Орал: Қоқыс жәшігінен табылған өлі нәрестенің шешесі тергелуде

Орал: Қоқыс жәшігінен табылған өлі нәрестенің шешесі тергелуде

Оралдықтар тасбауыр ананың қылығына шошып отыр. Көпқабатты үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен өлі нәресте табылған. Шақалақтың мәйіті целлофанға оралып, спорттық сөмкеге салыныпты.

Сұмдық оқиға жайында тәртіп сақшыларына тұрғындардың бірі хабарлаған. Полицейлер келген бойда анасын іздеуге кіріседі. Ал шақалақтың шешесінің анықталуына қоқыс жәшігі маңынан табылған бір бума кілттің көмегі тиген. Осы төңіректегі әр пәтерге кілт сұғып көрген құзырлы орын өкілдері «көкек» ананың баспанасынан бір-ақ шыққан. Сөйтіп 31 жастағы төрт  баланың анасы қолға түсті. Соңғысы бесінші перзенті болуы тиіс еді. Келіншектің айтуынша, сәбиін дәретханада босанған. Ол өлі туған соң мәйіттен құтылмақ болыпты. Қазір сөзінің рас-өтірігі анықталуда.  

Болатбек Белгібеков, БҚО ПД баспасөз хатшысы:

- Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 1988 жылы туған Орал қаласы тұрғыны анықталып ұсталды. Оқиға болған жерден сөмке, жамылғы, екі пакет және домофон кілті, аяқ киім табылды. Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК 100 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.