{metadescription}
СҚО: Камаз жүргізушісі жедел жәрдем жеткенше мерт болды
СҚО: Камаз жүргізушісі жедел жәрдем жеткенше мерт болды

СҚО: Камаз жүргізушісі жедел жәрдем жеткенше мерт болды

Ажал құштырған апат! Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі трактор тіркемесімен соғылысып, Камаз жүргізушісі оқиға орнында жантәсілім етті.

Ауыр көліктердің соқтығысы күндізгі сағат екі шамасында Жезқазған-Петропавл тасжолында болған. Камаз жүк көлігі алдында кетіп бара жатқан құм толтырылған трактор тіркемесіне барып соғылған. Соққының күшті болғаны сондай, Камаз бен тіркеме шетке шығып, трактор аударылып кеткен. Ауыр жарақат алған жүк көлігінің 56 жастағы жүргізушісі жедел-жәрдем жеткенше мерт болды. Қазір полицейлер мәселенің мән-жайын анықтап жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде