{metadescription}
БҚО: 200 гектар орман алқабы мен 30-ға тарта саяжай күлге айналды
БҚО: 200 гектар орман алқабы мен 30-ға тарта саяжай күлге айналды

БҚО: 200 гектар орман алқабы мен 30-ға тарта саяжай күлге айналды

Батыс Қазақстан облысында алапат өрттен келген шығынды есептеп жатыр. Тілсіз жау екі жүз гектар орман алқабы мен далалықты күлге айналдырды. Сол маңдағы саяжай учаскесіндегі үйлер де өртеніп кетті. Тұрғындар дер уақытында шалт қимылдамаған өрт сөндірушілерді айыптайды. Санаулы көлік жіберіп отты өшіруге әлі келмеді деп отыр.

Күні кеше ғана бұл маңдағы көрініске көз сүйсінетін. Түрлі түске боялған жапырақтар тұрмақ, қазір орман алқабының түгі қалмаған. Бәрі күлге айналды.

Демалыс күні Теректі ауданы аумағынан тұтанған от Бәйтерек ауданына жеткен. Бірнеше ауылдың тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге тура келді. Саяжайдағы 30-ға тарта үй өртеніп кетті. Тұрғындар шалт қимылдамады деп өрт сөндірушілерді айыптап отыр.

- Неге түк бітірмеді?! Мінеки, бәрі жанып кетті. Осы бізде неге адамша көмек бере алмайды, а?

Ал төтеншеліктер «бізден кінә жоқ» деп ақталады. Олар тілсіз жауды ауыздықтауға Оралдың барлық өрт сөндірушілерінен бастап, тәртіп сақшылары мен орманшыларды тарттық деп отыр.

Жасұлан Жұмашев, Батыс Қазақстан облыстық ТЖД бастығы:

- Өздеріңіз көріп тұрғандай, су тасуға тіпті пойызды да алдырдық. Әркімнің өз шындығы бар. Қолдан келгенді істедік. Біздің міндетіміз – адам өмірінен бастап, олардың мүлкін, орман алқабын құтқарып қалу.

Өрттен зардап шеккен ешкім жоқ. Уақытша көшірілген тұрғындар ауылына оралып жатыр. Тек саяжайдағылар нақты қанша үйдің қызыл жалынға оранғанын санап жүр. Ал орманшылар оттың тұтануына саңырауқұлақ теруге келгендер кінәлі дегенді айтады.

Анатолий Хлоповской, орманшы:

- Адамдардың салғырттығынан болды. Өртке саңырауқұлақ теруге келгендер кінәлі. Жексенбі күні орманда адамдар қаптап жүрді. Оларға мұнда келуге тыйым салу керек.

Мамандар өрттің нақты себебін анықтап жатыр. «Саяжайдағы үйлерінен айрылғандар аталмыш оқиғаға қатысты акт ала алады, сол құжатпен шығынды өндіруге мүмкіндігі болар», - дейді төтеншеліктер. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде