{metadescription}
ЛРТ! Құрылыс тоқтатылса, қыруар шығынға батамыз
ЛРТ! Құрылыс тоқтатылса, қыруар шығынға батамыз

ЛРТ! Құрылыс тоқтатылса, қыруар шығынға батамыз

Президент елордадағы жыры бітпеген, жерүсті метро желісінің құрылысын да сынады. «Басқа амал жоқ, салу керек», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. Себебі, құрылысты тоқтатса, мемлекет қыруар шығынға батқалы тұр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті:

- Жалпы ұзындығы 22 километр. 18 станция жоспарланған. Марафонда өздеріңіз 22 шақырымнан астам жер жүгіріп өтесіздер. Онда неліктен ЛРТ салу керек? Үкімет пен әкімдік жұмысты қайта жандандырудың және ЛРТнің бірінші кезегін аяқтаудың нақты мерзімін белгілеуі қажет. Сондай-ақ екінші сатысының кестесі мен механизмін ұйымдастыруды анықтасын. Басқа амал жоқ.

Тоқаевтың айтуынша, құрылыс өте күмәнді. Себебі, ешқандай экономикалық тиімділігі жоқ. Сондықтан құрылысты тығырыққа тіреп кеткен компанияның бұрынғы басшысына қатысты тергеуді жеделдетіп, тіпті соған қол қойып, шешім қабылдаған әкімдерге дейін тексеруді тапсырды.

Ал құрылысты салып жатқан – Қытай компаниясы. Ірі құрылыс нысаны жоспар бойынша биыл жыл соңына дейін салынып бітіп, келер жылы іске қосылу керек еді. Оған жалпы көлемі 1,8 миллиард доллар жұмсалып, оны 2,6 миллиард доллар етіп қайтаруымыз керек еді. Бірақ әкімдік Қытай банкінің қаржыландыруынан бас тартып, басқа да оңтайландырудың арқасында жалпы құны 1,5 миллиардқа төмендеді. Ал құрылысқа қажетті қалған қаражатты өз елімізден тауыпты.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- 18 бекетті 11ге қысқарттық. Сонымен бірге, интервал әр 3 минут сайын. Оны мамандармен қарап, 10 минутқа көбейттік. Сонда біз 7 теміржол құрамын азайттық. Соның бәрі үнемдеу берді. 1 млрд. 350 млн АҚШ долларына үнемделді. Енді ол жобаны тоқтатуға негіз болған жоқ. Себебі, халықаралық міндеттемелер бар. Келісімшарттарға қол қойылып қойған, 3-4 жыл бұрын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде