{metadescription}
Қайран ақша! СҚО: Бір жыл бұрын салынған жол шұрық-тесікке айналды 
Қайран ақша! СҚО: Бір жыл бұрын салынған жол шұрық-тесікке айналды 

Қайран ақша! СҚО: Бір жыл бұрын салынған жол шұрық-тесікке айналды 

Қыруар қаржы желге ұшты! Солтүстік Қазақстан облысында құрылысы аяқталғанына бір жыл ғана болған жол шұрық тесікке айналды. Мемлекеттің 900 миллион теңгесіне жөнделген 27 шақырым қашықтықтағы жаңа жол қайта таз қалпына түсті деп жергілікті тұрғындар құзырлы орындарға шағымданған. Арнайы жылжымалы зертханамен шыққан жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының қызметкерлері жолдың жағдайын көріп жағаларын ұстаған.

Новоникольское-Новомихайловка елді мекендерін жалғайтын жалғыз жол бұл. Ешқашан жөндеу көрмеген 14 шақырымдық қашықтыққа 515 миллион теңге бөлініп, күрделі жөндеу жасалады дегенде осы маңдағы ауыл аймақ қосыла қуанған. Жыл өтпей жатып қуанышы су сепкендей басылды. Төселген асфальт жарылып, тіпті кей жерлері опырылып қалды. Бұлай бүліне берсе жол емес, қайтадан сорымызға айналады деп алаңдайды жұрт.

Нағашыбай Нұрлыбаев:

- Бір рет қыруар қаржы жұмсалған екен, тастай етіп жолды істеп бермей ме? Күн сайын осы жермен жүреміз, бұдан басқасы жоқ. Жауапты басшылар қайда? Мердігер де,тапсырыс беруші де жауапты ғой. Соған ренжиміз.

408 миллион теңге бөлінген 13 шақырымдық тағы бір жол учаскесі. Бұл жер де 2018-ші жылы жөнделіп тапсырылған. Көбісі сөгілген мұз сияқты, - дейді жырым-жырым асфальтты көрсеткен жергілікті тұрғындар. Жұрттың алаңдауы бекер емес. Жол жағдайын көруге келген жылжымалы зертхана мамандары да су жаңа асфальттың шашылып жатқанына куә болды. Енді құрамын зерттеп көрмек. Мемлекет қаржысы жұмсалған нысандарға мониторинг жүргізе келген Ұлттық бюро да бұл істі қолына алмақ.

Дамир Хабибуллин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы СҚО бойынша департаментінің басқарма бастығы:

- Соңғы айда мониторинг жүргізгенде 900 миллион теңге бөлінген нысандарда көп ақаулар белгілі болып отыр. Бұған дейін мердігер компанияларға ескертілген. Бұл облыстық маңызы бар жол. Олар ақауды қалпына келтіруге тиіс.

Ақау қалпына келтірілгенше автокөлік жүргізушілеріне де кедергі көп екен. Полиция департаменті 8 айда 681 рет тексеріс жүргізіп, 1422 ақау анықтаған. Бұл жол көлік оқиғаларына бірден бір себеп болып тұр дейді. Сондықтан мердігерін тауып, жолды қайта жөндетуді тұрғындар мен бірге барлық құзырлы органдар жабылып қолға алмақ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде