{metadescription}
Ресеймен шекарада жүк көліктері неге сағаттап тұрады
Ресеймен шекарада жүк көліктері неге сағаттап тұрады

Ресеймен шекарада жүк көліктері неге сағаттап тұрады

Сыртқы істер министрі Ресеймен шекарада жүк көліктерінің сағаттап кептеліп тұратынын жасырмады. Бұл жайында Мұхтар Тілеуберді Ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесуінен соң айтты.

Елімізге іссапармен келген Ресейдің Сыртқы істер министрінің бұл қызметке жақында тағайындалған Мұхтар Тілеубердімен алғаш кездесуі. Тараптар екі ел арасындағы байланысты бағамдап, алыс-берісті арттырып, шекара жайын талқылады.

Бұл тақырыптар 7-ші қарашада Омбыда өтетін Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумына талқылануы тиіс. Шекара демекші, қос дипломат көктем мен жазда шекарада болатын кептеліс жайына тоқталды. Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, негізінен Орталық Азиядан Ресейге жеміс-жидек пен көкөністер тасымалы кезінде кептеліс болады. Ал басқа уақытта жүргізушілердің емін-еркін өтуіне кедергі жоқ. Бүгінде қос елдің шекарасында – 51 өткізу бекеті бар. Оның ішінде 30 автомобиль, 20 теміржол және 1 өзен арқылы өткізу пункті жұмыс істейді.

Мұхтар Тілеуберді, Сыртқы істер министрі:

- Расымен мұндай мәселе барын жоққа шығармаймын. Ол проблема ресейлік тараппен талқыланған. Дегенмен жүк көліктерінің кептелісі маусымдық сипатқа ие.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде