{metadescription}
Сарыарқа! Елордаға газ қабылдауға дайын емес
Сарыарқа! Елордаға газ қабылдауға дайын емес

Сарыарқа! Елордаға газ қабылдауға дайын емес

Елордаға газ келер жылы келеді. Бүгін «Сарыарқа» магистральді газ құбырының соңғы дәнекерлеу жұмыстары бітті. Енді газды тарататын станса салу керек. Тек мәселені қиындатып тұрғаны, бас қаламыз көгілдір отынды қабылдауға дайын емес. Газ тарату желілерін салатын мердігерлермен соттасып жүргенде уақыт созылып кеткен. Бұл жағдай президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да ұнамай, сынға алған болатын.

Айдалада ақ отау! Жапан түзде ақ шаңқан киіз үйлер тігілген. Жолға арнайы төселген кілемнің орамасы да алынбаған. Үй сыртында қазан-қазан ет асылып, астанаға әлі жетпеген Сарыарқа газ құбырын осылай атап өтпекші. Күтіп отырған құрметті қонақтар: «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» холдингі, «ҚазМұнайГаз» компаниялары мен елорда басшылары.

Тарихи сәт – газ құбырының соңғы дәнекерлеу жұмыстары. Республикалық маңызы бар ірі құрылыстың бітуін Арқа жұрты күткелі қашан...

Ол бірнеше облысты газдандырумен қатар, елорданың іргелі мәселелерінің біріне айналған көк түтіннен де арылтар еді. Жағдайдың ушыққаны соншалық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас қаланы дамыту жиынында аталмыш мәселені қатты сынады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

- Қаланың энергетикалық инфрақұрылымының басты проблемасы – Сарыарқа газ құбырын қосуға дайын болмауы. Бұл тұтастай алғанда, түсініксіз сұрақ. Бұл қалай болды?! Қыста қала қандай күйде болатынын білесіз. Қала түтінге толы. Ыңғайсыз. Бірінші кезекте тұрғындар алдыда, дипломатиялық корпус алдында ыңғайсыз.

Еуразия жүрегі, Глобал сити деп мақтап жүрген бас қаламыздың ахуалы Тоқаевты қатты ашындырыпты. «Биыл біте ме?» деп үміттенген жоба дайын болмай, соның кесірінен оған бөлінген 2,7 миллиард теңге амалсыз басқа өңірлерге таратылмақ. Түтін қаупі көбейген соншалық, төтенше жағдайлар қызметі оның алдын алуға білек сыбана кіріскен. Жер үйдің бәрін жеке-жеке аралап құрылғы орнатады. Алда-жалда өрт шықса, үйде түтін көбейсе, шырылдап безек қағады.

Қазір өрт шығуы мүмкін деген жер үйлерге 1.129 құрылғы орнатылған. 120-дай тағы орнатылады. Магистральді газ құбыры елорданы енді осы қиындықтан да алып шығуы керек.

Сарыарқа газ құбыры Арқа төсіне 2 миллиард текше метрден астам газ жеткізіп, орталық және солтүстіктегі 171 елдімекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етуі тиіс. Ал елорданың өзінде 23 мың жер үй мен қаладағы жылу қазандықтары түгел газға ауыстырылады. Соның арқасында бас қаланың ауасын ластайтын зиянды қалдықтар жылына 6 есеге немесе 40 мың тоннаға азаюы керек.

Енді газ тарататын станса салынса болды, қала газды қабылдауы тиіс. Алайда астанамыз оған дайын емес. Себебі, газ тарату желілерін салатын мердігердің жобалық-сметалық құжатқа көңілі толмай, стансаны салудан аяқасты бас тартыпты. Сөйтіп тапсырыс беруші мен мердігер соттасып, шаруа созылып кеткен. Соның кесірінен бас қала газ тарату құбырларына енді ғана кіріспекші.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- ТЭЦ-1, ТЭЦ-2-ге  құбыр жеткізетін жұмыстар басталды. Ол 13 жарым шақырым. Соның 10 шақырымы қазылды. Ал ТЭЦ-2-ге ол жерге де бір шақырымға жуық жұмыс басталды. Ол келесі жылы бітеді. Сонда бірінші кезең бойынша ТЭЦ-1, ТЭЦ-2-ге газ келеді. Сосын Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашыққа газ келеді. Юговосток, Интернационал. Қалғаны екінші кезеңмен.

Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырынан бастау алатын «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы былтыр наурызда басталған. Жалпы ұзындығы 1061 шақырымдық жобаның бірінші кезеңінің құны 267 миллиард теңге. Ол енді келесі жылы аяқталса, нұрсұлтандықтар газбен жылынуы керек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде