{metadescription}
Көкшетауда кәрі кемпірдің қол сөмкесін тартып алған жігіт ұсталды
Көкшетауда кәрі кемпірдің қол сөмкесін тартып алған жігіт ұсталды

Көкшетауда кәрі кемпірдің қол сөмкесін тартып алған жігіт ұсталды

Әжейге әлі жеткен! Көкшетауда 84 жастағы кейуанаға тепсе темір үзетін 32-дегі азамат көпқабатты үйдің кіреберісінде шабуыл жасады. Баспалдақта бар күшімен әжейді итеріп құлатып, қол сөмкесін ала қашқан.

Бұл жағдай кейуана банктен зейнетақысын алып шығып үйіне жеткен кезде болыпты. «Есік алдына келіп тынығып отырғанда бір жігіттің сол маңды айналшықтап жүргенін көрсем де, басыма жаман ой келген жоқ», - дейді әжей. Сөйтіп есікті ашып кіре беріске аяқ басқаны сол, бір жігіт оны бар күшімен итеріп жіберіп, сөмкені жұлып алып қаша жөнелген. Оның көшеде кетіп  бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Полиция 32 жастағы жігітті көп ұзатпай қолға түсірді. Қарияның 100 мың теңгесі мен сөмкесі өзіне қайтарылды.

Вера Казакова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Қалайша қарт адамды осылай ренжітеді. Жап-жас жігіт, оның ата-анасы жоқ па? Мені көршілерім бәрі сыйлайды, маңайдағы балалардың бәрін жақсы көрем. Қалай қарт адамға күш көрсетуге дәті барды?!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде