{metadescription}
Тоқаев маңғаз Маңғыстаудың арғы-бергі тарихынан сыр шертті
Тоқаев маңғаз Маңғыстаудың арғы-бергі тарихынан сыр шертті

Тоқаев маңғаз Маңғыстаудың арғы-бергі тарихынан сыр шертті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтауға барды. Мемлекет басшысы қазақ сөз өнерінің зергері, халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының ескерткішін салтанатты түрде ашып берді.

Ескерткіштің ашылуына мемлекет басшысынан өзге жазушының жары Клара Жұмабайқызы және елімізге белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысты. Өңір халқын айтулы шарамен құттықтаған Президент маңғаз Маңғыстаудың арғы-бергі тарихынан сыр шертіп, ұлт рухын қаламынан туған туындыларымен ұлықтаған қаламгерді қазақ халқының ұлы перзенті деп атап өтті. Одан әрі ресми делегация жазушының атындағы  Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысты.

Халық жазушысы, Қазақстанның еңбек ері Әбіш Кекілбайұлының туғанына биыл 80 жыл толды. Мерейтой қаламгердің туған жерінде халықаралық деңгейде аталып өтпек. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Әбіш Кекілбаев Қазақстанның еңбек ері атағына ие болған тұңғыш қаламгер. Әбіш ағамыз әдебиет әлеміне келгеннен бастап ұлттық сананы сақтау үшін мол еңбек етті. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді және төл мәдниетімізді дәріптеп, халқына адал қызмет етті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде