{metadescription}
ПИК: Сенаторлар вице-министрдің шаңын аяусыз қақты
ПИК: Сенаторлар вице-министрдің шаңын аяусыз қақты

ПИК: Сенаторлар вице-министрдің шаңын аяусыз қақты

Бір үй – бір есепшот. Үкімет пәтер иелері кооперативтерін жойып, үйлерді жөндеп, оның жағдайын бақылауға есепшот ашуға көшті. Ал оны тұрғындардың құзырына бермек. Аталмыш заңды талқылаған сенаторлар бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрінің әбден шаңын қақты.

Айгүл Қапбарова, Сенат депутаты:

- КСК жұмысына көпшіліктің, тұрғындардың көңілі толмайды. Өйткені ол тек қана сенің үйіңмен ғана жұмыс істемейді, оның қарамағында бірнеше үй бар. Жаңа реформа бойынша, олар тек бір үйге ғана жауап береді. Тұрғындар өз қаражатының қайда жұмсалғанын көріп отырады.

Тұрғын үйді пайдалануға қатысты жаңа құжат бекітілсе, үш жылдан кейін пәтер иелері кооперативтері жойылмақ. Оның орнына коммерциялық емес ұйым құрылады да, шотына тұрғындар ақша жинайды. Үй соған жөнделеді. «Әйтпесе коммуналдық мекемелердің жұмысына халық сенбейді», - дейді сенаторлар.

Ескі үйлердегі лифтілердің де жағдайы мәз емес. Төрт жарым мың жеделсатыны ауыстырып, мың жарымын күрделі жөндеуден өткізуге 40 млрд. теңге керек.

Сенаторлар соңғы уақытта сөз болып жатқан дәрігерлердің білімін де айналып өтпеді. Мамандандырылмаған оқу орындарында медицина факультеттерінің көптеп ашылуынан білім деңгейі төмендеген. Сондықтан мұндай факультеттерді жабуды ұсынып отыр.

Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты:

- Профильді емес жоғары оқу орындарының жанынан медицина факультеттерін ашудың қандай қажеттілігі бар? Кадр тапшылығын жоямыз деп жүріп біліксіз кадрлар қаптап кетсе, күні ертең кім жауап береді?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде