{metadescription}
СҚО: Чистовское тұрғындары ширек ғасыр таза суға жарымай отыр
СҚО: Чистовское тұрғындары ширек ғасыр таза суға жарымай отыр

СҚО: Чистовское тұрғындары ширек ғасыр таза суға жарымай отыр

Солтүстік Қазақстан облысында бүтін бір ауыл тұрғындары бос шелек ұстап назарылыққа шықты. Олар таза суға жарымай отырғанын айтады. Биліктен ауылға су кіргізіп беруін сұрағанына ширек ғасырға жуықтаған. Ең қызығы, ауыл шетінде су жинайтын мұнара бар. Бірақ айналдырған бірнеше шақырымдық құбыр тартуға осы күнге дейін ақша табылмаған.

Салдырлатып арбасын сүйреп, бос шелегін білегіне қыстырғандар – Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Чистовское ауылының тұрғындары. Шенеуніктер түрімізді көріп, жанайқайымызды естір деген ниетпен ауыл орталығына жиналып наразылық білдірді. Талаптары – біреу. Сұрайтындары – су. Олар ширек ғасырға жуық таза суға жарымай отырғанын айтады. Мұндағылар ішер суын сатып алады. Ал кір-қоңына, жуынуға көлшік суын тұндырып пайдаланады.

Советхан Тәкібаев, Чистовское ауылының тұрғыны:

- Судың бір флягі 29 теңге. Соны қол жууға пайдалана алмаймыз, қорқамыз, тек ішуге. Барынша суды үнемдеп отырмыз. Колонка тартсын. Көше бойына колонка, құдық болсын!

Ауылдағы 160 бала оқитын мектептің де құбырлары қақсып тұр. Асханаға тіршілік нәрін тасып әкеледі. Оның өзі жетпей, су сұрап кетеміз дейді қызметкерлер.

Ауылға таза суды айдаладан тартып қажеті жоқ. Елді мекен шетінде су жинайтын мұнара бар. Жеті-сегіз шақырым құбыр тартса жетіп жатыр. Осыдан үш жыл бұрын әкімдік құбырды сатып алған. Сол шаруалары аяқсыз қалыпты. Қазір құбыр жеке шаруашылықтың ауласында жинаулы тұр. Тұрғындар шу шығарған соң ғана шенеуніктер Чистовскоедегілердің «шөлін қандырамыз» деп сендірді.

Серік Құсанов, М. Жұмабаев ауданының ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Бұрын ауылдағы шаруашылықпен келісімге келгенбіз. Ол өз ақшасына су тартып беруге уәде етті. Құбырдың екі шақырымын жүргізді де тастап кетті. Енді аудандық бюджеттен келер жылы ақша бөліп, мәселені шешеміз

Әкімдіктегілер суды қай кезде тартып болатынын нақты айта алмайды. Оған бөлінетін қаржының есебі де әзірге белгісіз. Сондықтан тұрғындар біраз шыдай тұруына тура келеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде