{metadescription}
Алматының табиғи суын бай-бағландар мен дәмхана қожайындары қалдықпен ластап отыр
Алматының табиғи суын бай-бағландар мен дәмхана қожайындары қалдықпен ластап отыр

Алматының табиғи суын бай-бағландар мен дәмхана қожайындары қалдықпен ластап отыр

Алматыда таудан сарқырап ағатын төрт бірдей өзенінің ластанғаны анықталды. Екінің бірінің қолы жетпейтін таулы аймақта тұратын бай-бағландар мен дәмхана қожайындары қалдықтарын өзенге құйып отырған.  

Айзат Молдағасымова, Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапаны бақылау департаментінің бастығы:

- Он үйден құбыр шығарылған су айдындарына, ағып жатқан өзенге қалдықтарын тастаған. Содан кейін екі дәмхана «Әсемтау» мен «Сарбаз» деген Үлкен Алматы, Проходная өзендеріне құбырларын шығарып қойған.

СЭС мамандары сұмдық жайтты рейд кезінде анықтады. Өзендерден сынама алған зертханашылар оның құрамын көріп жағасын ұстаған. Үлкен Алматы, Тереңқара, Қарғалы және Ащыбұлақ – ластанған. Мамандар табиғи судан мөлшерден тыс ішек ауруы таяқшаларын тапты.  

Іле Алатауы ұлттық бағының аймағында тұратын тұрғындар өзендерге құбыр тартып, оларды қалдық құюға қолданып келіпті. Олардан дәмхана қожайындары да қалыспаған.

Бұл өзендерден көкөніс пен жеміс-жидектер суарылады. Суды уға айналдырғандарға айыппұл салынды. Дегенмен бұдан мәселенің шешіле қоюы екіталай. Себебі, СЭС дәрігерлерінің айуынша, былтыр да дәл осы адамдар суды ластап, айыппұл арқалаған. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде