{metadescription}
Психдиспансерден қашып кеткен күдікті қолға түсті
Психдиспансерден қашып кеткен күдікті қолға түсті

Психдиспансерден қашып кеткен күдікті қолға түсті

Елордада психдиспансерден қашып кеткен күдікті қолға түсті. «Зорлау» дерегімен тергеушілердің күдігіне ілінген ол кеше түскі 12 жарым кезінде медициналық мекемеден із суытқан.

Полицейлер оны іздеуге барын салды. Ондаған қызметкер жұмылдырылып, қаладан шығаберістегі көліктер түгел тексерілді. Түнгі сағат 22:40-та ол қолға түсті. Қазір тергеу изоляторына қамалып, тексеріліп жатыр. Ол диспансерге сараптамадан өткізуге әкелінген екен.

Софья Қылышбекова, Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз хатшысы:

- Күдіктіні іздеу барысында барлық кешенді жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Оның ішінде бағыттамалар берілген, жеке құрам жұмылдырылды. Қашып кеткен күдікті қай жерде екенін анықтап, барлық әрекеттер жасалды. Бірнеше сағаттан кейін қолға түсті.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде