{metadescription}
Полиция қызметкері парамен ұсталса, басшысы жұмыстан қуылады
Полиция қызметкері парамен ұсталса, басшысы жұмыстан қуылады

Полиция қызметкері парамен ұсталса, басшысы жұмыстан қуылады

Бағыныштыға басшы жауапты. Бұдан былай полиция қызметкерлері парамен ұсталса, оның тікелей басшысы жұмыстан қуылады. Ақтауда полиция қызметкерлерімен кездескен Ішкі істер министрі әріптестеріне осындай қатаң ескерту жасады.

Ерлан Тұрғымбаевтың мұндай зілді мәлімдеме жасауына Ақмола облыстық полиция департаментіндегі былық себеп. Онда департамент бастығының орынбасары мен басқарма басшысы жемқорлық фактісімен ұсталды. Көп ұзамай облыстың бас полицейі Берік Біләлов қызметінен шеттетілген. Ерлан Тұрғымбаев енді қол астындағы қызметкерлерге аяушылық болмайтынын айтып, кадр таңдауда да екі шұқып бір қарауды тапсырды. Себебі, жақында тест тапсырған 60 командирдің 19-ы сынақтан сүрінген. Министрдің айтуынша, олар қарапайым жол ережелерін білмегені үшін жұмыстан шығарылыпты.

Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі:

- Қатарымызды осындай сауатсыз командирлерден тазартуымыз керек. Олардың бұл қызметке қалай орналасқаны белгісіз. Өз жұмысына қажетті ережелерді білмейтін басшы қалай жұмыс істейді? Бұдан былай қол астындағы қызметкерге тікелей басшысы жауап беруі тиіс. Ішкі істер саласына орта жолдан қосылғандарды енді осылай тазалаймыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде