{metadescription}
Сәбиі мұздатқышта өлген келіншектің туыстары дәрігерлердің жазасын тарттырмақшы
Сәбиі мұздатқышта өлген келіншектің туыстары дәрігерлердің жазасын тарттырмақшы

Сәбиі мұздатқышта өлген келіншектің туыстары дәрігерлердің жазасын тарттырмақшы

Қан жібермейді! Дәрігерлер баласын мұздатқышқа салып өлтірген атыраулық келіншектің туыстары кінәлілердің толық жазалануын талап етеді. Бетін көрсетпеуді өтінген сәбидің әжесі Алтынғаным Ілиясованың сөзінше, толғағы ерте келгенін біле тұра, дәрігерлер келініне қарамаған.

- Өкініштісі, сол жерден неге босанатын залға апармаған?! Өздері кезінде ашық деп айтты ғой. Келінім патология бөлімінде төсектің үстінде жеңілдеп қалған. Сол жердегі акушерка ма, санитарка ма, кім алып кеткенін білмеймін, баланы алып кетіп қалады.

Жеті қыздан кейінгі жалғыз ұлының келіншегі жүкті екенін естігенде, енесінің қуанышы қойнына сыймапты. Келіні Нұржамал уақтылы дәрігер қабылдауына барып, күтіммен жүрген. Жүктілігінің алтыншы айында өзін кенеттен жәйсіз сезініп жедел жәрдем шақырады. Осылайша облыстық перинаталдық орталыққа түскен келіншек патология бөліміне жеткізіледі. Ақ халаттылар алғашқы көмек көрсеткеннен кейін келіншектің толғағы жеткенін айтыпты. Бірақ келіншек босану бөліміне апарылмай, потологияда туып қалған. Күнінен бұрын дүниеге келіп қатігездікпен көз жұмған баланың салмағы 810 грамм. Алғашында өздерін «көрер жарығы болмаса керек» деп жұбатқанымен, мұның бәрі дәрігерлердің ісі екенін естігенде абдырап қалдық дейді. Жүректері қан жылаған отбасы шақалақтың мәйітін алып арулап жерлеген. Енді антына адал болмағандардың жазасын тарттырмақшы.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде