{metadescription}
Нұр-Сұлтан әкімдігі Диснейленд салуға жер іздеп жатыр
Нұр-Сұлтан әкімдігі Диснейленд салуға жер іздеп жатыр

Нұр-Сұлтан әкімдігі Диснейленд салуға жер іздеп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының басшылығына «Астана ЛРТ»-ның дауы сабақ болмаған сынды. Әкімдік енді әлемдік бренд - Диснейлендтің құрылысына жер телімін іздеп жатыр.

Шенеуніктер есебінше, ел астанасында шетелдік туристер бір жарым күнге тоқтайды және қалтасынан 100 долларын шығарады екен. Сондықтан Диснейленд және Бозоқ қалашындағы ашық аспан астындағы музей қонақтар үш күнге дейін болатындай етіп салынады. Балалардың ойын-сауық паркі бюджеттің емес, шетелдік инвесторлардың қаржысына салынады деп отыр шенеуніктер.   

Ерлан Бекмырзаев, Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы:

- Өз-өзін ақтайтын кешен салу керек. Жыл бойы жұмыс істеуі үшін ғимарат жабық болады. Қызылорда немесе Шымкенттегі сияқты бізде ауа райы ыстық емес. Инвестордың келуіне барлық жағдай жасалуы қажет. Бюджеттің ақшасына кешенді салудың керегі жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде