{metadescription}
Жамбыл облысы: Қостоған жұрты 50 жыл бойы судан тарығып отыр
Жамбыл облысы: Қостоған жұрты 50 жыл бойы судан тарығып отыр

Жамбыл облысы: Қостоған жұрты 50 жыл бойы судан тарығып отыр

Қасқалдақтың қанындай болған ауыз су! Жамбыл облысында бүтін бір ауыл тұрғындарының күні жалғыз құдыққа қарап тұр. Жұрттың айтуынша, оның өзі уақытпен қосылып, уақытпен өшеді. Ыдысқа құйып үлгермегендер қаталап қалады. Тіпті кей кездері су мүлдем қосылмайтын көрінеді. Тіршілік нәрінен тарықққан елдің жайын тілшіміз айтып береді.

Ауыз суға кезекке тұрған жұрт. Меркі ауданына қарасты Қостоған ауылында қазір дәл осындай жағдай. Мұнда тіршілік нәрі тек таңертең және кешкісін бір сағатқа ғана беріледі. Осы уақыт аралығында тұрғындар бар ыдысына су құйып алуға жанталасады.  

Дүйсен Сегізбаев, Қостоған ауылының тұрғыны:

- Ой, бұл жерге үлгермейді де ғой. Су алатын малы бар. Машинамен келеді, есек арбамен келеді. Жұрт үймелеп, кептеліп тұрады. Әлгі су қосатын адамның көңілі түссе, суды бір-екі сағатқа қосады, көңіл қошы болмаса, бір сағатта өшіре салады. 

Бұқара 50 жылдан бергі көрген қорлығымыз осы дейді. Төрт мыңға жуық тұрғынның күні мектептегі жалғыз құдыққа қарап тұр. Су тоқтаса, тіршілік тоқтағандай күй кешеміз дейді. Ал ауыз суды тасудың машақаты өз алдына.    

Нұрбибі Тойлыбаева, Қостоған ауылының тұрғыны:

- Судан қиналып жатырмыз, оның үстіне денсаулығымыз жоқ. Су таситын балаларымыздың бәрі сыртта. Кір жуамыз, үйге тірлікке керек қой, сусыз күн жоқ. Екінші топтағы мүгедекпін. Ауырамын, көзім де көрмей бара жатыр.

Бұқара сусыз өмір әлеуметтік жағдайымызға да әсер етті дейді. Олардың айтуынша, бау-бақша суару да азапқа айналған. Жылдағы қуаңшылықтан еккен өнімдері қурап, шығынға батырған. Биыл да дәл сондай жағдай. Ашынған қостоғандықтар жағдайды біле тұра, шенеуніктердің бұған бейжай қарайтынына қапалы. Ал атқамінерлер әдеттегідей бәрі жақсы боладыға басты. Дегенмен бұл жолы нақты уәде емес, болжам айтты.

Бейбіт Тәнекеев, Жаңатоған ауылының әкімі:

- Нақты қашан кіргізілетінін айта алмаймын. Өйткені құжаттамасы биыл әзірленіп өткізілді. 22-ші жылға деп жобаланып отыр, одан ерте боп қалуы да мүмкін. Қаражаты, сметалық құжаттары дайын болған соң белгілі болады, ақшасын айта алмаймын. Үш жылдан соң толық қамтылатын шығар деген ойдамыз.

Әкімнің сөзінен жақын күндері судың келмесі түсінікті болды. Енді тұрғындар, тым құрығанда тіршілік нәрін тәулік бойы беруді сұрап отыр. Алайда шенеунік оның мүмкін еместігін айтады. Себебі, судың қоры таусылып қалуы мүмкін. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

03 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде