{metadescription}
Алматыда жарылған құбырдан бірнеше адам күйіп қалды
Алматыда жарылған құбырдан бірнеше адам күйіп қалды

Алматыда жарылған құбырдан бірнеше адам күйіп қалды

Алматыда жылу маусымы берілетін шақта құбыр жарылды. Құбырдан тоқтаусыз аққан қайнаған су көшені жайлап, бірнеше жүргізуші шала күйген. Төтенше жағдай салдарынан 30 көпқабатты, 90 жер үй және 100-ден астам әкімшілік ғимарат ыстық судан ажыратылды. Ал жылу маусымына «сақадай-саймыз» деген жауаптылар қалада әбден тозығы жеткен құбырлар өте көп екенін мойындап отыр.

Бөкейханов көшесіндегі апат түскі сағат 12 шамасында болған. Жылу магистралінің жарылуы көліктердің қозғалысын тежеп, жүргізушілерді әбден тығырыққа тіреді. Көлік ағылған тас жолды лезде ыстық су басты. 

Құбырдан тоқтаусыз аққан су айналаны әп-сәтте көлге айналдырды. Апат орны қоршалып, мамандар су сору жұмыстарына кірісіп кеткен. Жылу құбыры жарылғанда көше бойындағы үш көлік дер кезінде шыға алмапты. Салдарынан бірнеше жүргізуші ыстық суға күйіп қалған.

Төтенше жағдайдан зардап шеккендердің бірі – Максим. Будақтаған будан жүргізушінің аяқ-қолы шала күйген. Абдырап қалған ол көлігінің төбесіне шығып, көмек күткенін айтады. Жолды су жайлай бастағанда кептелістен қашып үлгермепті.

Максим Миляков, зардап шегуші:

- Мен терезеден шығып, көліктің төбесіне шықтым. Көлігім 1520 минуттың ішінде суға толды. Шыға алмай қалдым. Ауруханаға барудан бас тарттым. Дәрігерлер жеңіл түрде күйік шалғанын айтты. Көлігім бүлінді. Шығынын жылуға жауапты мекемеден өндіріп алатын ойым бар. 

Апат салдарынан 30 көпқабатты, 90 жер үй,100-ден астам әкімшілік ғимарат пен бір емхана ыстық судан уақытша ажыратылды. Оқиға орнында жанталасып жатқан жылу мекемесінің өкілдері әбден тозығы жеткен құбыр қысымға шыдамай жарылғанын алға тартады. Сайып келгенде жауаптылар жылу маусымына толығымен дайын болмай шықты.

Әсет Масабаев, Алматы қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы:

- Қазір отыздан адам жұмылдырылды. Тоғыз насос судың барлығын шығарып жатыр. Мынаның өзі 71 жылы салынған. Былайша айтқанда, 40 жылдан асып кеткен жылу желісі. Биыл 10 шақырымнан аса жылу желілері жаңартылды.

Ал ыстық суға батып көліктері бүлінген жүргізушілер жылу мекемесінен шығынды өндіріп аламыз деп отыр.

Қаладағы құбырлардың 60 пайызы 30 жылдан бері жөндеу көрмеген. Сондықтан тот басқан құбырлар шыдас бермей тағы да жарылуы бек мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде