{metadescription}
Гендерлік теңсіздікке қарсы әйелдер альянсы ашылды
Гендерлік теңсіздікке қарсы әйелдер альянсы ашылды

Гендерлік теңсіздікке қарсы әйелдер альянсы ашылды

Әйелдердің мәртебесін арттырып, әл-ауқатын жақсарту қажет. Елімізде гендерлік теңсіздікке қарсы «Қазақстанның әйелдер күштерінің альянсы» атты жоба қолға алынды. Бұдан былай әйелдер қауымының жоғын жоқтайтын ұйымдар қоғамның осы тобына мемлекеттің назарын аудартып, тіпті қоғамда оқтын-оқтын көтерілетін тоқал алу идеясына қарсы шықпақ. 

Назгүл Мақжанова, «Қазақстанның әйелдер күштері альянсы» төрайымының орынбасары:

- Қоғамдағы әйел статусының, оның экономикалық жағдайын жақсарту, әлауқатын жақсарту, әйелдер өз-өзін қамтамасыз ететін жағдай жасау. Осы мақсаттарды меңзеп, альянстың құрамына 20-дан аса үкіметтік емес ұйымдар бас қосып отырмыз.

Альянс өкілдерінің айтуынша, Қазақстандағы нәзік жандар мүмкіндіктерін кеңейте алмай, соның кесірінен тек әлеуметтік кәсіпкерлікпен шектелуде. Ең сорақысы, қыздарымыз әлеуметтік сатылардан сүрініп, шетелдіктерге тұрмысқа шығуда немесе ауқатты отбасылы ер адамның етегінен ұстауға мәжбүр.

Елімізде әлі күнге дейін әйелдердің жалақысы ерлерден 30 пайызға төмен. Оның ішінде 57 пайызы тұрақты жұмыс істемейді. Сондықтан аталмыш топтың өмір сүру сапасын арттырып, әл-ауқатын жоғарылатуды көздеген альянс бірнеше бағыттан тұратын бағдарлама ұсынды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде