{metadescription}
Ақтөбе: Жеке клиникада келіншек гинекологтың қолынан көз жұмды   
Ақтөбе: Жеке клиникада келіншек гинекологтың қолынан көз жұмды   

Ақтөбе: Жеке клиникада келіншек гинекологтың қолынан көз жұмды   

Ақтөбеде жеке клиникада қайтыс болған келіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 20 жастағы Гүлдана Нұрмағанбетова гинеколог мамандардан ем алмақшы болған. Бірақ екпе салғаннан-ақ өзін жайсыз сезініпті. Соған қарамастан, дәрігерлер әйелдің жатырын тазартуға кіріседі. Сол арада ол үзіліп кеткен. Енді марқұмның туыстары бұған емханадағыларды кінәлап отыр.

- Менің жарым, үйленгенімізге бір жарым жыл болды. Студент, 20 жаста.

Былтыр отасқан жас жұбайлардың арманы орындалмады. Сәби сүюді аңсаған Айдостың келіншегі жеке клиникаға жүгінуді жөн санаған. Ондағы мамандар Гүлдананың жатыр жолын тазарту керектігін айтады. Сол бойда екпе салып, гидротрубация деп аталатын емге кіріскен кезде үзіліп кетеді. Қайтыс болған келіншектің күйеуінің сөзінше, келіншегі дәрі еккен бойда өзін жайсыз сезініп ақсаңдап қалған. Оған мамандар мән бермепті. Тіпті дәрі саларда сынама да жасамаған.

Айдос Нұрмағанбетов, Гүлдананың күйеуі:

- Бірақ бізбен ақылдасқан жоқ. Аллергия бар ма деп сұраған да жоқ. Жамбасына укол берді де, ол жарты сағат бойы шамалы ақсап жүрді. Жатыр түтігін тазартамыз деп алып кетті. Бес минуттық процесс, кіреді де шығады. Ішке кірді де, бес минут өтті, әйелім қатты шыңғырды. Дауысы деген қатты шықты. Іштегі адамдар бәрі естіді.  

Мамандар Гүлдана Нұрмағанбетова анафилактикалық шоктан қайтыс болды деп отыр. Ал «Әлия» деп аталатын жеке клиникадағылар сынама жасамағандарын мойындайды. Бірақ ол препаратты қолданарда ондай тексеруден өткізу «міндетті емес» дейді.  

Әлия Шаңғараева, медициналық орталық директоры:

- Жас келіншек бұрын да бізге келген. Аллергиялық реакциясы жоқ болатын. Біздің салған екпе осы жағдайда себеп болып отыр. Бұл препаратқа сынама жасалмайды. Тексеру жүріп жатыр. Бұдан басқа айтарым жоқ.

Келіншектің өліміне қатысты ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғады. Денсаулық сақтау басқармасы да тексеріп жатыр. Енді олар өлімнің нақты себебі мен кінәлілерді анықтайтын болады.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.