{metadescription}
Ақтаулық жасөспірім таңсәріде жоғары қабаттан секіріп өлді
Ақтаулық жасөспірім таңсәріде жоғары қабаттан секіріп өлді

Ақтаулық жасөспірім таңсәріде жоғары қабаттан секіріп өлді

Ақтауда 9-шы сынып оқушысы жоғарғы қабаттан құлап көз жұмды. Оқыс оқиға таңғы төрт шамасында мектеп маңында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде болған.

Жасөспірім 6-шы ықшамаудандағы үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп, сол мезетте ажал құшқан. Оның қаладағы №6 мектептің оқушысы Мұрат Ерғалиев екені анықталды.

Баланың мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізуде. Ол үйінен барлығы шырт ұйқыда жатқанда байқатпай шығып кеткен көрінеді. Ал мектептегі ұстаздары Мұраттың сабағын жақсы оқып, өмірге құштарлы жан болғанын айтады.

Гүлмира Өтегенова, №6 мектептің директоры:

- Сынып жетекшісінің, мұғалімдердің айтуынша, ешқандай ескерту естімеген. Өте орнықты, салмақты. Үнемі алғашқы, бірінші партада отыратын белсенді оқушылардың бірі болған. Балалардың бәрімен, сыныппен өте дос болған. Балалар да айтып жатыр ешкіммен жанжал шығармаған.  

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде