{metadescription}
Қиын шақ! КТК 19-20 қазанда жастар драмасының 12 сериясын ұсынады  
Қиын шақ! КТК 19-20 қазанда жастар драмасының 12 сериясын ұсынады  

Қиын шақ! КТК 19-20 қазанда жастар драмасының 12 сериясын ұсынады  

КТК-да тұсаукесер! Алғашқы махаббат пен қыздар арасындағы текетірес. Алдағы демалыс күндері шытырман оқиғалы «Қиын шақ» фильмінің бірден 12 сериясы эфирге шықпақ. Жастарға арналған драманы КТК арнасы түсірді. Туынды тек ұл-қыздарды емес, олардың ата-анасын да терең ойға қалдырады.

Махаббат пен сатқындық, достық және қызғаныш – ұстарадай өткір сезім. Жасөспірімдер мұның бәрін алғаш рет бастан өткереді. Туындыда түр-әлпеті келіскен Баян мен оның жігіті Дархан билеп-төстейтін 10 «Б» сыныбындағы оқиға баяндалады. Сыныпқа жаңа оқушы келгені сол екен, мұндағы жағдай өзгеріп шыға келеді. Қарапайым әрі білімді қызды сыныптастары аяғынан шалуға кіріседі. Ал оларды айдап салатын - Баян. Сыныптың ханшайымы кек алуға түрлі тұзақ ойлап табады.

Туындыда жас мұғалімнің тағдыры, оның қателіктері мен жеке өмірі де көрсетіледі. Сериалда бәрі шынайы өмірдегідей. Ол эфирге қазақ тілінде, орысша субтитрмен шығады.

«Қиын шақ» туындысының 12 сериясы 19-20 қазанда сағат 17.00-де КТК арнасынан көрсетіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде