{metadescription}
Тарихшылар Алтын орданы зерттеуді қолға алды
Тарихшылар Алтын орданы зерттеуді қолға алды

Тарихшылар Алтын орданы зерттеуді қолға алды

Алтын орда тарихы қайта зерттеледі. Кеңес одағы тұсында идеологияның салдарынан шектелгенүлкен тақырыпты тарихшылар қайта қолға алмақшы.

Арман Ешмұратов, Еуразиялық интеграция орталығының жетекшісі:

- Алтын орданың рөлі, жалпы бүкіл әлемдегі мемлекеттерді дамытқан рөлі және инфрақұрылымды дамытудағы рөлі ешқашан да көрсетілген жоқ. Себебі, қашан да Ресей мемлекеті тарихнамасында олар 250 жылға Ресейдің дамуын шектетіп қойды деп әртүрлі мінездеме берілді. Алтын орданы мүлдем басқа интерпретациялық модельмен көрсетуіміз керек. Осы жағынан тарихты жазуымыз керек.

Тарихшылардың айтуынша, Алтын ордада салық, әскери бөліністері, мемлекеттік басқару жүйесі жұмыс істеп тұрған. Соған қарамастан Кеңес одағы жүйелі мемлекеттік құрылымды шапқыншы, қараңғы көшпелілер ретінде көрсеткен. Қазақ, татар және өзге де елдің ғалымдары тарихтың ақтаңдақ беттерін қайта ашып, жаңадан зерттеуді көздеп отыр.

Алқалы жиында әлеуметтік зерттеу жұмыстарының қорытындысы да жарияланды. Онда қазақстандықтардың үштен бір бөлігін тарихи тақырыптар қызықтырады екен. Әсіресе Қазақ хандығы кезеңі, Алтын орда дәуірі, Ұлы Отан соғысы жылдарына қызығушылық басым.

Серік Бисенбаев, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Алтын ордаға қатысты қоғамдық пікір – оң, түзу. Бұған қызығушылық өте жоғары. Жалпы тарихи жадыны, білімді зерттеу – ұлттық идеология тұрғысынан өте маңызды. Себебі, өткенді білу арқылы адам өзін таниды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде