{metadescription}
Қиын шақ! КТК арнасы демалыста жасөспірімдердің агрессиясын көрсетеді
Қиын шақ! КТК арнасы демалыста жасөспірімдердің агрессиясын көрсетеді

Қиын шақ! КТК арнасы демалыста жасөспірімдердің агрессиясын көрсетеді

Алғашқы махаббат, қызғаныш және қыздар арасындағы текетірес. Демалыс күндері КТК-да жастарға арналған «Қиын шақ» туындысы көрсетіледі. Мұғалім, жасөспірімдер және олардың ата-аналарының шиеленіскен ара-қатынасы көрініс тапқан тың сериалдың бірден 12 сериясы эфирге шықпақ. Негізгі тақырып – балалар агрессиясы мен оның құрбандары.

Бас кейіпкер Назеркеге бұл соңғы қоңырау болуы мүмкін. Сыныптастарының кезекті рет аяқтан шалуы оның болашағына қауіп тудырады. Осы элиталық мектепке ауысқалы қызға сыныптастары күн көрсетпейді. Назеркенің бар кінәсі мұнда жаңадан келгендігі және 10 «Б» класындағы ең сымбатты жігіттің оған көз салуы.

Айым Бегмат, актриса:

- Назерке мектеп қабырғасында көп қиыншылық көреді. Әкесі жоқ, ерте қайтыс болған. Ал мектебінде барлық балалардың әкешешесі түгел, отбасылық жағдайы жақсы.  

Сыныптастары Назеркенің қиналғанынан ләззат алады. Мұның бәрі араға жас мұғалім түскенге дейін жалғаса береді. Білім ордасына жаңа келген ұстаз жағдайды дер кезінде байқап, жазықсыз қызды қорғауға кіріседі.

Туындыдағы бас кейіпкердің есімі – Дастан. Бастапқыда ол Назеркені өзіме ғашық етемін деп достарымен бәстеседі. Сыныптағы ең сымбатты жігіттің рөлін Жасұлан Өмірбек сомдаған.

Жасұлан Өмірбек, актер:

- Рөлді сомдау, кейіпкердің ішкі жан дүниесін түсіну қиын болды деп айта алмаймын. Сценарий өте әдемі, өте қызықты. Әр көрермен сериалдан өзін таба алады.  

Ал бәрін бастайтын Баян есімді сұлу қыз. Ол кешірім дегенді білмейді. Актриса Айым Сейітметова Баян рөлі арқылы көп нәрсе үйрендім дейді.

Айым Сейітметова, актриса:

- Бұл сериалдан мектепте құрдастарыңды мазақ қылмау керектігін түсінесің. Кемсіту ол адамның психикасына, сондайақ қоршаған ортаға әсер ететіні жақсы көрсетіледі.

«Қиын шақ» - КТК арнасының шығармашылық және техникалық тобы бастан-аяқ түсірген алғашқы көркем сериал.

Мира Добрынина, «Қиын шақ» сериалының атқарушы продюсері:

- Бұл бізге сынақтық жоба болды. Міндетімізді жақсы атқарып шықтық деп ойлаймын. Әрине, бағасын көрермен береді.  

Маусымның ең айтулы премьерасын өткізіп алмаңыздар. «Қиын шақ» туындысының 12 сериясы сенбі және жексенбі сағат 17.00-де көрсетіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде