{metadescription}
Назарбаев: Жер-жерді аралағанда популизммен айналыспай, халықтың мұң-мұқтажын ескеріңдер
Назарбаев: Жер-жерді аралағанда популизммен айналыспай, халықтың мұң-мұқтажын ескеріңдер

Назарбаев: Жер-жерді аралағанда популизммен айналыспай, халықтың мұң-мұқтажын ескеріңдер

Елімізде аймақтарды дамытуға миллиардтап ақша бөлініп жатса да, нәтиже жоқ. Бүгін нұротандық депутаттар мен Үкімет мүшелерін жинаған Елбасы өңірлерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуына көңілі толмайтынын жеткізді. Жақ ашпайтын депутаттарды да қатты сынға алған Нұрсұлтан Назарбаев алда сайлау келе жатқанын ескертіп, дайындықты қазірден бастауға тапсырма берді. Елбасы кімге, неге шүйлікті?

Тұңғыш президенттің төрағалығымен өткен жиын негізі «Нұр Отанның» сайлауалды бағдарламасы мен Ұлт жоспарының қалай орындалып жатқанын талқылауға аналған. Сондықтан алдымен премьер-министр Асқар Мәминнің және оның орынбасарлары мен Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің баяндамалары тыңдалды. Жетістікті тізіп шыққан жауаптылар соңғы үш жылда елімізде 470 мың жұмыс орны ашылып, үш мың шақырым жол салынды деп отыр. Жалпы ішкі өнімнің көлемі де 30 пайызға артып, Қазақстан әлемдік рейтингте сегіз сатыға көтерілген. Бірақ кемшілік те көп. Елбасы әсіресе өңірлерді дамыту бағдарламасының сапасы сын көтермейді дейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының төрағасы:

- Қазір бұл бағдарламалар тиісті деңгейде іске асып жатқан жоқ. Әр әкімдер әзірлейді. Министрліктер келісім береді. Ауылдағы мәлихаттар бекітеді. Бірақ тиісті бақылау жоқ. Кейбіреулері тіпті орындалмай, шаңшаң болып қалады.

Тұңғыш президенттің бұлай деуі бекер емес. Өйткені аймақтарды дамытуға елімізде 200 миллиард теңге бөлінген. Бірақ әлі күнге дейін жолды қойып, ауыз суға жарымай отырған ауылдар көп. Үш мыңға жуық елді-мекен интернетке қол жеткізе алмай отыр. Сондықтан Назарбаев депутаттарға жер-жерді аралаған кезде популизммен айналыспай, халықтың мұң-мұқтажын ескеруге тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының төрағасы:

- Өкінішке қарай, ол өте маңызды, кездесулер, пікірталастар, түсіндірулер. Бірақ кейде ол жай ресми сипатта болып, тек нысандарға барумен шектеледі. Және де сіздерді бетке ұстар, жақсы нысандарға ғана апарады. Көбінесе бір нысанды бірнеше депутат қарайды. Көптеген сапарлар тек танысу мақсатта  жасалады. Құтты сіздер Қазақстанды, өңірлерді білмейтіндей.

Жиында Назарбаев нұротандық депутаттар мен шенеуніктерге бәсекеге қабілетті, халықты ойлайтын, жемқорлықтан ада мемлекетті құру керектігін ескертті. Халықтың табысын арттырып, тұрғындарды жұмыспен қамту да басты назарда қала бермек. Әрі Үкіметке өңірлерді дамыту бағдарламасын қайта жасауға тапсырма берді.

«Билік партиясының беделі мен ықпалын сақтау да маңызды», - деді Назарбаев.

Сондықтан алда өтетін Мәжіліс сайлауына нұротандықтар дайындықты қазірден бастауы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде