{metadescription}
Орта Азия елдерінің бишілері сайысқа түсті
Орта Азия елдерінің бишілері сайысқа түсті

Орта Азия елдерінің бишілері сайысқа түсті

Үздік бишілер! Алматыда Орталық Азия елдерінің өнерпаздары сайысқа түсті.

Еркін би жарысына қатысушылардың ең кішісі 4 жаста. 150-ден аса адам қатысқан шарада кәсіби бишілер де бағын сынады. Арасында Бішкек пен Ташкенттен келгендер де бар.

Сайыстың өтуіне мұрындық болған - «Атакент клубының достары» қоғамдық бірлестігі. Өнер додасы хип-хоп, дэнс холл, брейкинг және олстайлз стилінде өтті. Бишілер тыңғылықты дайындалған. Музыка ырғағына сай үйлесімді қимылдау үлкен шеберлікті талап етеді. Оның үстіне брэйк-дэнс 2024 жылы Парижде өтетін олимпиаданың бағдарламасына енгізілген. Жастар жылында өткізіліп жатқан сайыстың көздегені - салауатты өмір салтын насихаттау. Әділқазылардың шешімімен түрлі номинацияда топ жарғандар ақшалай марапатталды. Бас жүлде - 400 мың теңге.

Бауыржан Баякешов, «Атакент клубының достары» қоғамдық ұйымының президенті:

- Неге би? Өйткені қазір балалардың көбісі үйде ұялы телефонмен отырады. Компьютер алдында бар уақытын өткізеді. Біздің мақсат – жастарды ісқимылға шақыру.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде