{metadescription}
Лексус жедел жәрдем көлігін аударып жіберді
Лексус жедел жәрдем көлігін аударып жіберді

Лексус жедел жәрдем көлігін аударып жіберді

Алматыда кептелістен қашқан Лексус жедел-жәрдем көлігін аударып жіберді. Ауруханаға асығып келе жатқан арнайы машинаның ішінде төрт адам болған. Оның біреуі тоғыз айлық бала.

Қатты соққыдан аударылып түскен жедел-жәрдем көлігі басқа көлікке  соғылған. Дәрігерлер ыстығы көтерілген тоғыз айлық сәбиді жедел ауруханаға алып бара жатқан. Арнайы дабылын да қосқан. Алайда қарама-қарсы беттен шыққан Лексус мұның бірін де елемепті.

Абырой болғанда шақалақтың анасы қауіпсіздік белдігін тағып отырған. Сол себепті балаға еш зияны тимеді. Жедел жәрдем қызметкерлері дін аман. Ал кептелістен қашып өзгелерге кесірін тигізе жаздаған Лексус жүргізушісіне қатысты іс қозғалды.

Шайхиддин Бадиров, Алматы қаласы медициналық жедел жәрдем қызметі директоры орынбасары:

- Дыбыстық қондырғылардың бәрі іске қосылған. Өз тарапымыздан жеделжәрдем бригадасының жүргізушісі қандай да бір кемшілік жіберді деп айту қиын. Жедел жәрдем қызметі көлігімен болатын жол көлік оқиғасы жиілегеді. Басым бөлігінде жүргізушілер кінәлі, жол бермеген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.