{metadescription}
Таразда қарақшылар жарымжандардың екі жылқысын ұрлап кетті
Таразда қарақшылар жарымжандардың екі жылқысын ұрлап кетті

Таразда қарақшылар жарымжандардың екі жылқысын ұрлап кетті

Тараздағы мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеу орталығына қарқшылық шабуыл жасалды. Қаскөйлер күзетшінің қол-аяғын матап, жарымжан жандар иппотерапия үшін мінетін екі бас жылқыны үптеп кеткен.  

Бетперде киген екі азамат түн жарымда мекемеге баса-көктеп кірген. Сөйтіп, 53 жастағы қарауылды пышақпен қорқытып байлап-матап, Қамбар ата тұқымдарын тақымдап белгісіз бағытқа бет алған. Ал күзетші арада бір сағат өткенде байлаудан босанып басшысына қоңырау соғып үлгереді. Іле-шала жеткен тәртіп сақшылары дереу іздеуге кіріседі. Ертесіне ұрыны да, малды тауып алады. Ұсталғандар 22-23 жастағы Тараз қаласының тұрғындары. Оның біреуінің бұған дейін осы мекемеде көлік жүргізушісі болып істегені анықталды. Қазір екеуі де уақытша ұстау абақтысына жабылып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақсат Юсупов, Жамбыл облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Қылмыс жасалғаннан кейін екі бас жылқы сатылып кеткен. Қабылданған шаралар нәтижесінде сатылған жерінен табылды. Алған адамның жауапкершілігі де қарастырылуда. Бұл мәселе бойынша қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.