{metadescription}
Ноу-Хау! Оралда аяққа киген темір кебіспен асфальт құйып жүр
Ноу-Хау! Оралда аяққа киген темір кебіспен асфальт құйып жүр

Ноу-Хау! Оралда аяққа киген темір кебіспен асфальт құйып жүр

Оралша ноу-хау! Қаладағы көше тегістеудің жаңа әдісі жұртты таң қалдырды. Жергілікті жол салушылар тесілген шұңқырды асфальтпен толтырып таптауға кіріскен. Жұмысты арнайы құрылғы емес, аяғына темір кебіспен істепті. 

Асфальт төсеудің жаңа технологиясы осындай. Жұмысшылардың арнайы сүйретпе жасап алғанына қарағанда, мұндай әдісті бұрын да қолданған сияқты. Әлеуметтік желіде тараған видео біреудің күлкісін келтіріп, енді біреудің ашуын туғызған. Жұрт облыстың нашар жолымен антирейтингте көш бастап тұрғанын еріксіз еске алды. Ал коммуналшылар бұл әрекетін әрі-бері өтетін балаларға «қамқорлық жасаған түріміз» дейді. Өйткені маңайда мектеп те, балабақша да көп екен. Сондықтан шұңқырды тез арада бітеу қажет болыпты. Шенеуніктер тың әдіспен асфальт тегістеген мердігер қала көшелеріндегі ойылған жолдарды жөндеуге тендер ұтып алғанымен, дәл осы шұңқырды өз қаржысына жасағанын айтады.

Айдар Менеев, Орал қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Жұмысшылардың сөзіне қарағанда, сол күні асфальт тегістейтін құрылғы бұзылып қалған. Уақытты созбай, осындай әдіспен жөндеуге кіріскен. Өйткен балалар сабақтан шығады. Бұл жерден кішкентай ұл-қыздар көп өтеді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде