{metadescription}
ШҚО: Қарға ұласқан жаңбыр жұртты әбігерге түсіруде
ШҚО: Қарға ұласқан жаңбыр жұртты әбігерге түсіруде

ШҚО: Қарға ұласқан жаңбыр жұртты әбігерге түсіруде

Шығыс Қазақстан облысында жаңбырдың соңы қарға ұласты. Ауа райының қолайсыздығы жұртты әбден әбігерге түсірген. Әсіресе Риддер қаласының тас жолында көліктер жолда қалып, 100-ге жуық жолаушы діттеген жеріне жете алмады.

Таулы аймақтарда жауған алғашқы қардың қалындығы 10 сантиметрге жеткен. Әйтсе де жүргізушілер Риддер шаһары бір күнде қарлы қысқа айналады деп ойламаған көрінеді. Жолаушылардың басым бөлігі көліктеріндегі жазғы дөңгелекпен жолға шығыпты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Бүгін ауа температурасы минус 5, кей жерлерде 10 градусқа дейін төмендеді. Қазір күн райының қолайсыздығына байланысты аймақтағы кейбір күре жолдар қатаң бақылауда.  

Дмитрий Титов, ШҚО ТЖД бөлім бастығының орынбасары:

- Қазан айының 17-нен 21-не дейін төрт бағыт бойынша шектеу қойылды. Олар – Самар ауылы, Аягөз, Алтай және Риддер қалаларына қатынайтын күре жолдар. Онда тек қолайсыз ауа райына байланысты жүк көліктері мен автобустардың қатынауы қатаң бақылауға алынған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде