{metadescription}
Латын әліпбиінде олқылық көп
Латын әліпбиінде олқылық көп

Латын әліпбиінде олқылық көп

Мамандар бекіткен латын әліпбиінде олқылық көп. Президент әріптің жаңа түріне көшу барысына тоқталып, әлі де кем-кетік тұстар барын жасырмады.

Енді «тіл мамандары оны жетілдіруі тиіс» деген Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министріне тапсырма берді. Ал құзырлы министрлікке қарасты «Тіл-қазына» орталығының мамандары екі жылда жаңа әліпби мен емле ережесіне сараптама жүргізіп, тіпті латын қарпін үйренген әдіскерлерге ескерту жасаған. Соңын барысында кейбір таңбалардың ыңғайға келмейтіні анықталыпты. Мамандардың айтуынша, Президенттің ескертпесінен соң қараша айының басында Ұлттық комиссия жанында ғалымдар бас қосып, қанша таңба ауысады және қай таңбаны қайта қарау керек деген мәселе талқыланады. 

Ербол Тілешов, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры:

- Түркі тілдеріне тән үлкен лингвистикалық принцип бар. Бір дыбыс  бір таңба деген. Яғни, диаграф, Ш мен Чны бұзып тұр. Яғни, Ш мен Ч-ға қайта оралу керек. Оның бер жағында конвертер жасағанда үлкен мәселе болды, ол І әрпінің басы түртілмеуі. І әрпінің басы түртілмеуі І мен Иді шатыстырады. Сабақ барысында, диктант барасында, тест барысында да осыны көрсетті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.