{metadescription}
60 миллиард! Қазагро мемлекеттен тағы көмек алатын болды
60 миллиард! Қазагро мемлекеттен тағы көмек алатын болды

60 миллиард! Қазагро мемлекеттен тағы көмек алатын болды

Бюджетті «сүлікше сорады» деп талай сыналған квазисектордағы алпауыттардың бірі – «Қазагро» холдингі мемлекеттен тағы көмек алатын болды. Бүгін мәжілісмендер ұлттық компания басшылығы ақшаны жарата алмайды деп әбден сынап, ақыры 60 миллиард теңге бөлуге келісім берді. Былтырдың өзінде холдинг 400 миллиард теңге шығынға батқан екен.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

- Компания табысқа емес, шығынға батып жатыр. Жұмбақ бір құрылым деуге болады. Құтты Бермуд үштағаны сияқты. Ақша түседі де, ізімғайым жоғалады. Енді тағы 60 миллиард сұрап отыр.  

Отырыста холдингке қатысты ауыр сөздер айтылса да, депутаттар әдетіне басып 60 миллиард теңгені қолына оңай ұстата салды. Ал қазынаның қомақты қаржысы «Қазагроны» дамытуға емес, әлі сол жұмыс жүйесін реттеуге жұмсалмақ. Мысалы, құрамындағы еншілес компаниялар қысқарып, мың адам жұмысынан босатылады. «Қазагро» жүздеген миллиард қарызын 2020 жылдың соңына дейін осылай жоймақшы екен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.