{metadescription}
Таразда апатқа ұшыраған жүргізушісі екі жасар баланы көлікте қалдырып қашып кетті
Таразда апатқа ұшыраған жүргізушісі екі жасар баланы көлікте қалдырып қашып кетті

Таразда апатқа ұшыраған жүргізушісі екі жасар баланы көлікте қалдырып қашып кетті

Таразда жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі екі жасар баланы машинаның ішіне қалдырып, өзі оқиға орнынан із суытқан. Ізім-ғайым жоғалған азаматты полицейлер таба алмай жатыр.                                                  

Оқиға қаланың шеткі көшелерінің бірінде болған. «Мазда» үйдің алдындағы бағанаға соғылыпты. Қатты соққыдан темір тұлпардың алдыңғы бөлігі жапырылып, бетон қисайып қалған. Апаттан кейін көлік жүргізушісі балаға да қарамастан тайып тұрыпты. Содан бері жоқ. Оның ішімдік ішкен-ішпегені беймәлім. Қазір тәртіп сақшылары оған іздеу жариялап, көлік айып тұрағына қойылды. Ал сәбидің денсаулығына зақым келмеген. Дәрігерлер қарауынан кейін ол ата-анасына табысталды. Көлік иесі – 29 жастағы қашқын бүлдіршіннің туысқан ағасы болып шықты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.