{metadescription}
Алматыметроқұрылыс акционерлерінің текетіресі метро құрылысын тоқтатуы мүмкін
Алматыметроқұрылыс акционерлерінің текетіресі метро құрылысын тоқтатуы мүмкін

Алматыметроқұрылыс акционерлерінің текетіресі метро құрылысын тоқтатуы мүмкін

«Алматыметроқұрылыс» акционерлерінің текетіресі метро құрылысын тұралатуы мүмкін. Бүгін мекеме жұмысшылары болашағының бұлыңғыр екенін айтып мұңын шақты. Шахтерлерді төрағаға қатысты қылмыстық істің қозғалуы алаңдатып отыр.

«Алматыметроқұрылыс» АҚ-ы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімов алаяқтық жасағаны және банк алдындағы берешекті өтемегені үшін күдікке ілінген. Қазір аталмыш іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түнгі ауысымнан шыққан 50-ге жуық шахтер «басшымыз сотталса, күніміз қараң болады» дейді. Өйткені алдағы уақытта кәсіпорынның акциялары, мүлкі және ақшасы бұғатталуы мүмкін. Соның салдарынан компанияның 800-ден астам жұмысшысы жалақысыз қала ма деген қауіп бар. Жиналғандар басшыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылмаса, келесі жылы ашылуы тиіс Сарыарқа және Достық метро станцияларының құрылысын уақтылы аяқтауымыз неғайбыл деп отыр.

Ерлан Әбжаппаров, «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның бас директоры:

- «Ертең не болады?», «Қайрат ағамызға не болып жатыр?» деп күнде сұрайды. Оның өндіріске де әсері бар. «Бізге ақша төлене ме?» деген мәселе де мазалайды. Өйткені, ұжымда 20 жылдан астам жұмыс істейтін қызметкерлер бар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.