{metadescription}
Алматы мен Нұр-Сұлтанда бір күнде екі автобус өртенді
Алматы мен Нұр-Сұлтанда бір күнде екі автобус өртенді

Алматы мен Нұр-Сұлтанда бір күнде екі автобус өртенді

Жолаушылар автобустарының жұмысы жалыннан басталды! Алматы мен Нұр-Сұлтанда қос бірдей қоғамдық көлік жолда кетіп бара жатып өртеніп кетті. Екі жағдайда да өрт салонның артқы бөлігінен шыққан.     

Нұр-Сұлтанда жолаушылар толы автобус аялдамаға жете бергенде от тұтанған. Жүргізуші жылдам қимылдап адамдарды дер кезінде шығарып үлгерген. Оқыс оқиға оң жағалаудағы көлік қозғалысы қалың көшелердің қиылысында болды. Аяқасты тұтанған өрт таңертең жұмысқа асыққан жұрттың жүйкесін біраз жұқартты. Ал өртенген автобус Италиядан арнайы алдырылған екен. Болжам бойынша, электр желісінен ақау шыққан.

Алматыда отқа оранған автобусқа жолаушылар әлі отырып үлгермеген. 32-ші бағыттағы қоғамдық көлік рейске енді ғана аттанып бара жатқан. Есесіне өзгелерді жұмысынан қалдырды. Көлік жүргізушілері бірнеше шақырымға дейін ұзын-сонар кептелісте тұрып қалды. Қаңқасы ғана қалған қытайлық автобусқа тиесілі компания техниканың тозғанын алға тартты.

Ғани Тәжиев, «Алматыэлектркөлік» ЖШС-нің бас директоры:

- Бұл автобустар 2014ші жылғы. Қытайлық Ютонг мекемесі шығарған. Бес жыл жүрілген. Арасындағы жөндеу жұмыстары көп. Міндеттеме бойынша, әрине, біз жеті жыл сайын жаңартып тұруымыз керек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде