{metadescription}
Елімізде 250 мың абонент байланыстан ажыратылды
Елімізде 250 мың абонент байланыстан ажыратылды

Елімізде 250 мың абонент байланыстан ажыратылды

Байланыстан жаппай ажырады. Елімізде түннен бері мыңдаған адамның телефон байланысы үзіліп, оператордың кеңсесіне қалың нөпір халық жиналды. Адамның көптігінен бе, әлде басқа да себебі болды ма, байланыс операторының нөмірлерді тіркеу жүйесі де істемей қалды. Ал мамандар мұндай әбігердің бірнеше себебін айтып отыр.

Әдетте мұнша адам нөпірі қаладағы байланыс орталығынан байқалмайтын. Барлығында бір жағдай – телефон байланысы үзілген. Мектептегі баласымен, балабақшадағы немересімен хабарласа алмаған ата-ана, ата-әжелер сабылып осында жүр.

- Сізде де байланыс жоқ па?

- Жоқ, мүлдем жоқ. Қоңырау не келмейді, не соға алмайсың.  

Қарапайым тіршілікті қойып, интернетпен бизнес жасап отырған көп адам күнделікті табысынан қағылды. Тұтынушылармен байланыса алмай жұмысы тұралаған.

Нұржан Елментаев:

- Мысалы, мен интернет арқылы клиенттермен сөйлесем, басқа мемлекет басқалармен скайппен жұмыс істеймін. Бүгін менде бейнеқоңырау болуы керек еді. Жоқ нөмір емес, телефон тіркеу керек деген келіп тұр. Ал жіберсем, тіркелмей жатыр.

Сондай жағдай еліміздің бірнеше қаласында байқалды. Ұялы телефонға түсірілген кадрлар. Қарағандыдағы байланыс операторынан бұрын күзет қызметі қатты жұмыс істейді екен. Байланыспен басы қатып жүргендерді түсірейін деп келген біздің камерамызды ішке кіргізбеді. Ал байланысты қалыпқа келтіру үшін небәрі ЖСН нөмірді смс хабарламамен жіберу керек. Бірақ онысы жұмыс істемей, жұрт тағы әбіргерге түсті.

- Жұмыс істемей, күтіп отырмыз, істемей қалды. Қазір бағдарламашылар қосады, сағат екіден кейін деді.

Оператор өкілдерінің айтуынша, былтырдан бері бүкіл абоненттер нөмірін пайдаланатын телефонымен қоса тіркеу керектігі туралы әлденеше рет ескертілген. Сөйтіп оның бәрі базаға енгізілген. Ал бүгін сол база іске қосылып, тізімге кірмей қалғандары, яғни тіркелмегендері түгел ажыратылған. Алайда тіркеу жүйесінің жұмыс істемей тұрғанынан хабарсыз сияқты.

Олжас Бибанов, Kcell PR менеджері:

- Бұл мүлдем шындыққа жанаспайтын ақпарат. Бәрі ойдағыдай жұмыс істеп тұр. Мәселе басқада болуы мүмкін. Абонентттердің өздері берген мәліметі біздегі мәліметпен сәйкеспей жатады.

Ал салалық министрлік өкілдері мәселенің басқа қырын ашты. Олардың айтуынша, елімізде бір адамның атына бірнеше мыңдаған нөмір тіркелген. Олар операторларына барады да бәрін алып тастап, қолданыстағы нөмірін ғана қалдыру жөнінде өтініш жазады. Сол кезде қалғандары автоматты түрде байланыстан ажырайды дейді.

Виталий Ярошенко, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Телекоммуникация комитетінің төрағасы:

- Мынадай да жағдайға тап болдық. Бір әйелдің атына 51 мың нөмір тіркеліпті. Ол өз атын ғана қалдырып, қалғандарын алдырып тастады. Олардың бәрі байланыссыз қалды. Мұндай өз атына бірнеше нөмір тіркелген адамдар өте көп. 

Ұялы байланыс операторларының айтуына сенсек, еліміздегі негізгі үш байланыс операторының барлығының абонеттері бүгінгідей әуре-сарсаңға түсіп отыр. Байланысы ажырағандардың саны шамамен 250 мың адам. Дегенмен операторлар бүгін кешке дейін жағдайды орнына келтіруге уәде етті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.