{metadescription}
Тараз: Үйіне қайтуға екі ай қалған Ұлттық ұланның сарбазы белбеуіне асылып қалды
Тараз: Үйіне қайтуға екі ай қалған Ұлттық ұланның сарбазы белбеуіне асылып қалды

Тараз: Үйіне қайтуға екі ай қалған Ұлттық ұланның сарбазы белбеуіне асылып қалды

Тараздағы Ұлттық ұланның 55/13 әскери бөлімінде сарбаз суицид жасады. Үйіне оралуына небәрі екі ай қалған 20 жастағы ақтөбелік жауынгердің мәйіті өзінің белдігіне асылған күйде табылған.

Ниязтай Әлкешов, ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары:

- Қазір бүкіл жағдайлар тексерілуде. Біреумен жанжал болды ма, жоқ па, өзөзіне қол жұмсауға біреу итермеледі ме, ол да тексеріледі. Ең соңғы шешім тергеу аяқталғанда белгілі болады.

Болат Батырханның денесі әскери бөлімдегі екі ғимарат қуысындағы биік темірге дара асылған жерінен анықталған. Бұл қадамға баруына не себеп болғаны әзірге жұмбақ. «Денесінде бірде-бір соққының ізі жоқ», - дейді әскерилер. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Ал мәйітті нағашы ағасы ауылына бүгін таңда алып кетті. Болат Батырханды басшылығы үздік сарбаз болған дейді. Оның суреті мақтаулы жауангерлердің қатарында тұр.

Әскери бөлімде бұған дейін де қайғылы жағдай болған. Үш жыл бұрын прапорщик қару-жарақ қоймасында өзінің табелдік тапаншасымен атылып өлген еді. Марқұмның жақындары оның суицид жасауына басшылық тарапынан жасалған қысым себеп деген болатын. Ал 20 жасында қыршын кеткен Болатқа әлімжеттік жасалды ма, жоқ па, оны тергеу орындары анықтайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.