{metadescription}
Көші-қон қызметі шетелдіктерді енді шекарада тіркейді
Көші-қон қызметі шетелдіктерді енді шекарада тіркейді

Көші-қон қызметі шетелдіктерді енді шекарада тіркейді

Ішкі істер министрлігі шетелдіктерді көші-қон полициясында тіркеуді тоқтату туралы президент тапсырмасынан кейін оны дереу орындауға кірісті. Енді Көші-қон қызметі шетелдіктерді шекарада тіркемек. Бұл елімізге келетін туристердің жан-жаққа сабылмай, уақытын үнемдеуіне мүмкіндік береді.

Галина Сәрсенова, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары:

- Шекарадан өткен әрбір азамат енді шекарада тіркеледі. Бүгінде 57 ел мен жақын шетелдің 5 мемлекетіне ғана бес күннің ішінде тіркелу міндетті емес. Шекара тіркеу жұмысын іске қосуға жүйені жаңарту қажет. Шетел азаматын қарсы алған шекарашы Көшіқонды бақылау органдарына керекті мәліметті деректер базасына міндетті түрде енгізуі шарт.

Енді «Көші-қон туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, міндетті тіркеудің мерзімі бес күннен отыз күнге дейін өзгертілмек. Елімізге келетін туристерге 30 күн жеткілікті болмаса, кез келген қонақ үй немесе хостел, электронды үкімет, көші-қон қызметі арқылы ұзартуға болады.

Алматы қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерді тіркеуді мемлекеттік шекарада жүргізу керектігін айтқан болатын.  

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.