{metadescription}
Эксим, Qazaq және Астана банктерінің клиенттері іздестіріліп жатыр
Эксим, Qazaq және Астана банктерінің клиенттері іздестіріліп жатыр

Эксим, Qazaq және Астана банктерінің клиенттері іздестіріліп жатыр

Салымшылардың назарына! Депозиттерге кепілдік беру қоры банкрот болған үш қаржы институтының клиенттерін іздестіріп жатыр. Ресми мәліметке сүйенсек, жарты жылда «Эксим», Qazaq және Астана банктерінің салымшыларына барлығы 57 миллиард қарыз қайтарылған.

Ақылжан Баймағамбетов, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ төрағасы:

- «Эксим» банктің 156 салымшысы 5 қарашаға дейін НұрСұлтан, Алматы, Қарағанды, Петропавл, Павлодар қалаларындағы пошта бөлімдеріне хабарласып, ақшасын қайтара алады. Бұл міндетті Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры атқарады.

Дегенмен әлі үш банк 756 миллион теңгені тарату керек. Сондықтан қор мамандары тұрғындарға агент ретінде бекітілген банк пен пошта бөлімдеріне жүгінуді сұрайды.

Ақшасын алуға асықпай отырғандардың есеп-шотындағы сома көлемі аз. Әрбір үшінші клиенттің есеп-шотында 500 теңгеден аса қалдық бар деген сөз. «Астана» банкінің салымшылары 2020 жылдың 26 қаңтарына дейін шоттағы ақшасын «Еуразиялық» банк арқылы қайтаруға құқылы.

Qazaq bank-тің салымшылары ВТБ арқылы өз жинақтарын осы жылдың 24 желтоқсанына дейін қайтара алады. Егер салымшының уақыты тығыз болса, сенімхат арқылы өтініш жазуына болады. Ақшаны қолма-қол алу немесе есеп-шотқа аудару салымшының өз еркі.

Былтыр Ұлттық банк атадған екінші деңгейлі 3 банкті банкрот деп танып, лицензиясынан айырған болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.