{metadescription}
Мамандар: Интернет қылмысынан сақтанудың жолдары
Мамандар: Интернет қылмысынан сақтанудың жолдары

Мамандар: Интернет қылмысынан сақтанудың жолдары

Жеке мәліметіңіз бөтеннің қолына түспесін десеңіз, күдікті сайттарға кірмеу керек. Әсіресе жеке мәліметтерді енгізбеу қажет. Ақпараттық технология мамандары осындай кеңес береді. Оған себеп те бар. Жақында ғана 1 миллион 300 мың адамның банк картасына қатысты мәлімет интернетке тараған болатын. Арасында бізге географиялық жағынан алыс емес елдердің банктері де бар. Мұндай интернет қылмысынан сақтану үшін тағы не істеу керек?

Хакерлер бұзып кірді ме, әлде банк қызметкері құпия сатып жіберді ме, белгісіз. 1 миллион 300 мың адамның банк карталарының бүкіл мәліметтері қара нарықтың ордасы саналатын сайтта сатылымға шыққан. Сол тізімнің әрқайсысы 100 доллар тұратын банк карталарының 98 пайызы үнді банктерінің, 1 пайызы Колумбия банктерінің, тағы 1 пайызы басқа да әлем банктерінің тұтынушыларына тиесілі. Мамандардың айтуынша, әдетте мұндай банк карталарының деректері қара нарықта 3 долларға сатылады.

Медет Турин, «ЦАРКА» компаниясының сарапшысы: 

- Бұл картада ақша болуы да, болмауы да мүмкін. Егер ақшасы болса, оны қалауынша қолданады. Ол үшін пин кодын білу қажет емес. СиВиВи кодын білсе жеткілікті. Ал ақшасы болмаса, оның жеке мәліметтері қажет. Сол арқылы банктік операциялар жүргізе береді.

Ал үлкен көлемдегі сауданы мамандар әлемдік интернетте сирек кездесетін құбылыс екенін айтып отыр. Ішінде «премиум», «голд» санатты карталар өріп жүр. Оны хакерлер сатып алып, басқаларға үстеме ақысына сатады немесе картаны өзі қалауынша қолдана береді. Осыған ұқсас жағдай бізде де болған. Шілде айында 11 миллион қазақстандықтың жеке мәліметтері, яғни ЖСН нөмірі, мекенжай анықтамасы мен жеке куәлік нөмірі сияқты деректер жарияланып кеткен. Бірақ ол ашық, қолжетімді мәліметтер деген желеумен ешкім жаза тартқан жоқ. Ал жауапты министрлік осыған қатысты арнайы орган құру керек деп отыр.

Руслан Әбдіхалықов, ҚР Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары: 

- Адамдардың жеке мәліметтерін қорғаумен айналысатын бір мемлекеттік орган құру керек деген ұсыныс жасап отырмыз. Әзірге бізде ондай орган жоқ. Тек әр мекеме өз базасын өз бетінше қорғайды. Сол кезде жұрт жеке мәліметтері жария болса, сол мекемеге барып шағымданады.

Министрлік өкілінің айтуынша, қазір жаңа орган құруға заңға өзгерістер енгізіліп, ол Парламент қарауына ұсынылғалы жатыр. Оны жылдамдатпаса болмас. Әйтпесе ақпараттық технология мамандары соңғы уақытта түрік хакерлерінің қазақстандықтардың құпия мәліметтеріне шабуыл жасауы тым жиілеп кеткенін айтып отыр.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.