{metadescription}
Ескертуді елемей жолға шыққан көліктер боранда қалды
Ескертуді елемей жолға шыққан көліктер боранда қалды

Ескертуді елемей жолға шыққан көліктер боранда қалды

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық көлік ақтүтек боранда жолда қалды. Аймаққа көршілес Қызылорда мен Қостанай облыстарымен қатынас үзіліп, жолдар жабылған.

- Көліктерді былай қойып тастаған. Жолаушы, жүргізушілер, міне, жеңілжелпі киініп алған.

Қар құрсауында қалғандардың барлығы жеңіл киіммен жүр. Қарашада қар жауғанымен, бірден боран тұрады деп ешкім күтпесе керек. Құтқарушылар ең алдымен адамдарды жақын маңдағы дәмханалар мен ауылдарға жеткізді. Жолда қалған 200-ден аса адамның 20-сы – балалар. Жолды қардан аршуға төтеншеліктер мен «Қазавтожол» мекемесінің барлық техникасы жұмылдырылды. Үйілген қардан бөлек, жүргізушілердің қысқа қамданбауы да зардабын әкелуде. Олар жаздық дөңгелекпен жүр. Төтенше жағдай қызметі әзірге Ақтөбеден Қостанай мен Қызылордаға қарай жолға шықпауды ескертті.

Нұрлыбек Айжарықов, Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- Жолаушылардың көлігі дайын емес. Қысқы дөңгелектерін салмаған. Және де жеңіл киінген. Біздің ескертуге құлақ салмай жолға шығып кеткен. Ол жақта қатты боран соғып тұр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.