{metadescription}
400 келіге жуық қара уылдырықты Ресейге заңсыз өткізбек болған
400 келіге жуық қара уылдырықты Ресейге заңсыз өткізбек болған

400 келіге жуық қара уылдырықты Ресейге заңсыз өткізбек болған

Ақтөбе облысында шекарадан 400 келіге жуық қара уылдырықты заңсыз өткізбек болғандар ұсталды. Олар контрабандалық тауарды Ресей астанасына жеткізбек болыпты. Бірақ жүк көлігіне құжаты жоқ уылдырық тиелгенін жүргізуші «білмедім» деп отыр. Қазір оны тергеп жатыр. Сондай-ақ, бұл тауардың иесі анықталуда.

Кешелі бері «Жайсаң» бекетінің айып тұрағында тұрған көліктің құжатында жеміс-жидек тиелген деп көрсетілген. Шекарашылар жүк салғыштағы барлық қорапты ақтарып қарағанда түкпірдегі бананға арналған жәшіктерден қара уылдырық табылады. Оны арнайы ыдыстарға мұқият орап, 44 жәшікке сыйғызған.

Қайрат Әлиев, 2030 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

- «Даф» маркалы автокөлігімен Ақтөбе-Мәскеу бағытында келе жатқан Қазақстан азаматы алып келе жатқан жүгінің арасында ілеспе құжатсыз шамамен 400 келі болжам бойынша бекіренің қара уылдырығы табылды.

29 жастағы жүргізуші жүкті ақтөбелік жеке кәсіпкердің қоймасынан тиегенін айтады. Бірақ жеміс-жидек арасына қара уылдырық салғанын «білмедім» деп ақталып отыр. Енді жүргізушіден бөлек, сол кәсіпкер де тергеледі.

Қара уылдырықтың базардағы бағасы келісіне 200 -240 мың теңгеге жетеді. Тіпті кішкентай шай қасығының өзін екі жарым мың теңгеге сатып аласың. Сондықтан кез келгеннің дастарханынан бұл ас табылмайды. Ал енді 100 миллион теңгенің байлығы Ресейдің астанасына жеткізілмек болған.

Жайсаңдағы шекара бекетінен күніне 7 мың адам мен 2 мыңға жуық көлік өтеді. Мұндағылар құжатсыз тауардан бөлек, қару-жарақ, оқ-дәріні шекара асырмақ болғандарды ұстапты.

Саидхан Исенбаев, «Жайсаң» шекара бақылау бөлімшесі бастығының орынбасары:

- Биыл есірткі заттарымен 30 шекара бұзушы анықталды. Қаружарақ, оқ-дәрілер және тыйым салынған діни әдебиеттер, басқа адамның төлқұжатымен бес адам анықталды. Және де көлік құралының төлқұжаты жалған төрт автокөлік анықталды.

Ал қара уылдырықты заңсыз Ресей асырмақ болғандарға қатысты қазір екі бірдей бап бойынша іс қозғалған. Шекарашылар контрабандалық тауарды жүк көлігінің жүргізушісімен қоса, Мәртөктегі ішкі істер басқармасына тапсырмақшы. Одан әрі тергеуді олар жалғастырады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.